Солтүстік Америка материгінің табиғаты

Солтүстік Америка – солтүстік жарты шардың Евразиядан кейінгі екінші материгі, оған Кариб алабының аралдары, Багам аралдары және Гренландия аралы кіреді. Батысында Тынық мұхитымен, ал шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитының теңіздерімен ұласып жатыр. Жер материктері ішінен ол жер көлемі бойынша (20,4 млн. км2) үшінші орын алады.
Континент Оңтүстік Америкамен Орталық Америка таулы аймағының мойнағы арқылы байланысқан, ал Еуразиямен Чукотка-Аляска ауданында Беринг бұғазы арқылы шекараласады. Нәтижесінде Орталық Америка табиғат жағдайлары бойынша Оңтүстік Америка материгінің солтүстік аудандарына, ал Солтүстік Американың тундрасы Еуразияға жақын келеді. Чукотка мен Аляска арқылы Солтүстік Америкаға адамдар өткен деген жорамал бар. Құрлықтың табиғат жағдайларының ерекшеліктерін қалыптастыруда Гренландиямен көршілес жатуының да үлкен маңызы зор. Оның мұздықтық қалқаны өте үлкен тоңазтқыш ретінде рөл ойнайды.
Материктің жағалық сызығы күшті тілімденген: түбектері де көп, шығанақтары құрлыққа қарай тереңдеп кірген.
Солтүстік Америка материгінің негізінде ежелгі платформа жатыр. Солтүстік-шығыста Канада қалқаны аймағында оның қатпарлы фундаменті жер бетіне жақын жатыр. Территорияның басқа бөліктерінде-Мидконтинент плиталарының шегінде палеозой шөгінділерімен және Ұлы жазықтар ауданының шеткі майысуларында мезазой шөгінділерімен жабылған. Платформаға негізінен жазықты жер бедер түрлері-цокольді және қабатты ойпаттар, қытарттар мен үстірттер сәйкес келеді. Платформаның шет жақтарына әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдар жалғасады. Эпигерциндік платформа фундаменті материктің оңтүстік-батыс Галф-Кост плитасы шегінде мезо-кайназой шөгінділерінің қалың қабатымен жабылған. Басқа аудандарда жер бедері қатпарлы құрылымы негізнен таулы болып келген. Пайдалы қазындылар тектоникалық құрылымдарына байланысты таралады. ....
Рефераттар
Толық