Жұмағали Саин (Тіршілік, сені сүйемін)

Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.
Құлыншақтай кісінескен
Сенде жастық шағым бар.
Бұлдырап мені қу деген,
Толқыны меруерт ағын бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алтынды зерлі таңым бар.
Күлкісі күміс, құшағы от,
Қарақат көзді жарым бар
Аузын ашса бал тамған
Ақ маңдайлы жаным бар.
Бұрқана соққан жүрек бар......
Өлеңдер
Толық

Ай... Нұр...

Боздап алам,
Әппақ ары өмірден озған адам.
Өмірі ойран болып, тозған адам.
Көктем күні қар жауып үсіп қалды-ау,
Аулада өсіп тұрған бозқараған.

Күндіз бақты,
Қалың оймен күзеткен бұл біз нақты.
Бақ аязға гүлдерін ...
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас ...
Өлеңдер
Толық

Қайда жүрсең қанатты бол!

Тұнып жатсын төңірегің,
Төрт түлікпен дүбірлі боп,
Думандасын аспан - көгің
Үбірлі боп, шүбірлі боп,
Лебіздерің қабыл болып,
Қайда жүрсең қанатты бол.
Бар айналаң жанға толып,
Қағылезді қарақты бол.
Қонақтарың арылмасын,
Ақ ниеттер жаңылмасын.
Қара ниет қағынбасын,
Ғайбат сөздер таңылмасын.
Көкірегің күрмелмесін,
Жан жолдасың түрленбесін.
Сөзің қисық үрленбесін,
Сезім отың сүрленбесін.....
Баталар
Толық

Бірақ, мен сені сүйемін!

Неден бастарымды да білмеймін... Өміріме құйындай кіріп, барлық дүниемнің астан-кестенін шығарып, кетіп барасын. Сені күткен уақыт ғасырлармен тең еді.Армандап сонша жыл аңсағаным сен болып шықтың.Сені қанша жыл білсемде, 1 жылдың ішінде өте жақсы танып білдім.Сенің ғана жанарыңнан өзім іздеген жылулықты таптым.Сен маған шексіз бақыт сыйладың.Сенің жаныңда жүріп қаңдай жан екеніңді біле алғ аныма қуанамын, сен нағыз бақытқа ие адамсың.Сенің көргенімде әлемнің бәрі жарыққа толы болып көрінетін.Менің өмірімді қалай өзгерткеніңді білсең ғой.Жасқа толы жанарымды шаттыққа толтырдың, сенің жаныңда өзімді әлемдегі ең бақытты жандай сезіндім.Сенің бар екеніңнін өзі шексіз бақыт.

Есіңдеме мені ешқашан тастамаймын деп айтқаның, олда ұмытқа айналып барама?Менде айттым сол кезде сені тастамаймын деп, мен бұл сөзімде тұралмайтын шығармын,егер сен болмасаң өмірдің мәнісі қалмайды,менде ол кезде жоқ болуым керек емес пе, оңдай жағд айда мен сөзімде тұралмаймын, сені тастап алыс сапарға кетермін,кешір.Мен саған барымды бердім, барымды.Мен сені шексіз сыиладым, пірімдей тұттым, саған бір шан жуытпадым, саған сендім. Жалғыз жарық жұлдызым едің, осы күнде сөнгенің рас па сонда?Сенің балаларыңа ана, анаңа қамқоршы,қарындасыңа ақылшы, өзіңе тірек болғым келіп еді,сенің таңдауын басқа жол екен,жоқ мен сені айыптамаймын. Сен әлемдегі жаны таза жансың, мүмкін біреудің азғыруына тап болған шығарсын.Сен бақытты боласын,сен соған ғана лайықсын.Қолымнан келсе саған үнемі бақ ыт қана сыйлар едім......
Махаббат хикаялары
Толық

Сені әлі де сүйемін

Сен үшін - ді жан досымның кеңесімен оқи бастадым) Басында хикаялары онша ұнамады бірақ оқи берген соң ұнай бастады да сосын өзімнің хикаямды қосқым келді. Қазір басымнан қиын кездер өтуде.. Дәл осы күндері шынын айтсам менің сүйген жанымның орны ерекше білініп жатыр.. Оның қолдауынсыз қиналып жүрмін.. Арамызда қанша реніштер мен ұрыстар болса да оны ешқашанда бір сәтке де жадымнан шығармадым.. Ол туралы нақтырақ айта кетер болсам:
Бәрі 2012 жылдың жаз айында басталды... Оны ағамның тойында көрдім сол кезде ол менің есімде қалды.. Немен екенін де білмеймін бірақ оны көп ойладым.. Кейін екеуміз сөйлесіп жүрдік, кездестік. Алғашқы махаббатымнан кейінгі шын жүрегіммен сүйген адамым осы жан еді. Мен жаныма(екеуміз бір бірімізге әрқашан да "жан" деп сөйлейтінбіз)шексіз сендім. Алғаш кездескен күннен бастап менің жүрегім тек оған тәуелді екенін сездім)) Әлі күнге дейін солай.. Көп сөйлесіп, бір бірімізді жақсы тани бастадық. Сосын екеуміз жүре бастадық. барлығы да керемет болған. Туылған күніме ең қымбат сыйлық жасады)) мен оны қайтарып бердім.. қайтарғым келмесе де мәжбүр болдым.. Мұны ешқашан ұмытпаймын.. Әр туылған күнім жанымды еске алумен мұңды боп өтетіні анық.. Біз түк ұрыспайтынбыз. Біз тура 5 ай жүріппіз. Осы қысқа мерзімде ол менің өмірімнің мәні болды.Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын.Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Жаңа жыл кешіндегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрс а да жүрегімнің төрінде қалатын сөзерді есіттім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп отырмын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді.
Санасам сөйлеспегенімізге 3 ай болыпты.. Оның даусын сағындым. Оған деген сағынышым бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзіме арман еткенмін, ол менің армандарымды өзімен қоса алып кетті. Есімде жоқ соңғы рет қашан күлгенім. Онсыз өткен күндерім тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірімді жалғастыруға барынша тырысып жатырмын. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.. Кеше түнде оған өзім хабарластым бірақ ол көтермеді... Сол кезде гі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес......
Махаббат хикаялары
Толық

Сағындым, сені сағындым

Сағындым, сені сағындым..... Рас, өмірде бәрі болады.. жақсы да, жаман да... қуаныш, кайғы.. бірінің артынан бірі кезекпен келіп тұрады.. біздің өміріміз әр түрлі жолақтардан тұрады.. сүю.. ғашық болу.. ұнату.. күту..осыны жеңе білген жандар ғана бақыт шыңына шыға алады.. ол үшін сүйген адамынды бағалап оның қадірін білу қажет.. бірақ пенде болған сон шалыс қадамға барамыз.. кейін қатемізді түсінген кезде ғана өкініп жатамыз.. әрине, бір қатені жөндеуге келсе, бірі мүлде келмейді...
менде ғашық болғам..сүйгем..күткем..алі де солай..ал, ол бұны біле ме, жоқ па маған беймәлім..осы 2-3 күнде біздің жүрмей қалғанымызға 1 жыл уақыт болады.. Абылай мені тастап кеткенде өз-өзіме 1 жыл күтем кайтып келеді дегем..міне, сол 1 жыл өтті..Абылай ендігі бір қыздың сүйген жігіті, асыл арманы, өмірінің мәні болған шығар, кім біледі..біз көп уакыт жүрген де жоқпыз,агентте танысқанбыз..Абылай мені сырттай көріп жүріпті..мен ол кезде басқа баламен Мейрамбекпен жүрдім..кейін Мейрамбектің мені алдап жүргенін білдім..менімен қатар басқа қызға барып жүр екен..оны жек көріп кеттім..содан кейін мен Абылаймен жүріп кеттім..екуміз тан атқанша сөйлесетін едік..кездесіп жүрдік..2012 жылды бірге қарсы алдық..бақытты едім..тілегім, менің болашағым Абылай болсын дегем..көбі екеуін ұқсайсыңдар, бақытты жандар бір-біріне ұқсайды дейтін..мен шыныменде бақытты болатынмын..екеуміз бір қалада оқитын едік..сонғы кезде көп хабарласпайтын да болды..демалысқа келген кезде ол маған агентте жүрмей-ақ қояйық деді мен солай айтатынын сезгем.. себебі не дедім..Абылай жүріп жатқан адамдарға ұқсамаймын деді... содан мен келістім......
Махаббат хикаялары
Толық

Туған жер айналдым сенен

 Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.

Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды...... 

Эсселер
Толық

Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық

Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Эсселер
Толық