№50 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Ерекеева Ақзила Измухановна.
Тәрбие сағат тақырыбы: Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі Тәрбие сағаттың білімдік мақсаты:Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сеним бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.
Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген. ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды. ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған. ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару. Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған ....
Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:
Жалған атақтан арылып сәби болдым, Алла атын айта-айта ашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, “Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.
Сүндет емес кәпірге де берсе азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].
Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады. Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі. Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты. Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан. Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді. ....
Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар. Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес. Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ. Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт. Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым. Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады.
Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез - құлықтың болуына әсерін тигізеді. «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық - ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «Әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін дамытуға тырысамын. «Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты қандай көңіл - күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін және тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. «Тыңдайық - ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым - қатынасты салыстыру, ата - бабадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы өте зор......
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың......
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан өзіне қажетті тұсты таңдап, жүзеге асыру үшін іргелі іске өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет. Себебі, бұл – бідің еліміз, біздің ұлтымыз және біздің болашағымыз үшін қажетті бастама, қажетті құндылықтар екендігін айтты. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге....
Зерттеу көкейтестілігі: Қоғамның ең жоғарғы құндылығы –адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі, игілігі үшін жасалуда. Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы халық- тәлім тәрбиесінің өзегінің бірі бола отырып, адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды. Қазіргі кездегі адамгершіліктің, құндылықтың кемуі жаман мінез-құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды. Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім, мінез-құлықтарды тәрбиелеуде адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір мектеп нысанасына айналады. ¤ткеннің тәжірибесін адамның төл бойына дарыту озық өнегелі рухани дәстүрлі жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Еліміз зайырлы мемлекет. Зайырлы болу деген дінсіз болу деген сөз емес. Халықтың дамуында діни негізінде адамгершіліктер қарастырылған. Сондықтан, адамгершілік бастаулары діни негізде руханилықта дамып, адамгершіліктік кемелденуіне көмектесіп отырғаны белгілі. Ежелден Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектері адамгершілік мұраттарға толы. Адамгершілікке қатысты халықтық, діни озық құндылықтарды пайдалана отырып, ұрпақ тәрбиелеу арасындағы туындаған қайшылықтарды зерттеп отырған тақырыбымыздың проблемасы болып табылады. «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» деп дипломдық жұмыс тақырыбын алуға негіз болды. Зерттеу мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің мүмкіндіктерін негіздеу. Зерттеу обьектісі – кіші мектеп жасындағы оқушыларына адамгерішіліктік тәрбие беру процесі. Зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершіліктік құндылықтар арқылы оқушыларды тәрбиелеу. Зерттеу міндеттері – халықтық тәлім-тәрбиенің озық дәстүрлері және адамгершілік туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі адамгершілікке қатысты материалдарды талдау; - қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени дамуындағы адамгершілік тәрбиесінің алатын орнын, мәнін, қазіргі кездегі проблемасын, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау; ....