"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосты. Атақты әнші өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды деп хабарлайды NUR.KZ, «ҚазАқпарат» Агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Бәкір Тәжібаев (Әлия + видео)

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы....
Өлеңдер
Толық

Роза Рымбаева ресейлік сайтты сотқа бермекші

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Ресей сайттарының біріндегі өзіне қатысты жарнаманың Қазақстан аумағында көрсетілуіне қарсылық білдіруде.

Бұл туралы [url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL1RlbmdyaW5ld3Mua3o%3D]Tengrinews.kz[/url] сайтына оның адвокаты Нұршат Турдиев хабарлады.

Арықтаудың тәсілін көрсететін жарнама жарияланған сәтте әншінің ұлы Әли Оқапов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне "Пираттық контент үшін анам сотқа жүгінбейді. Олардың қолынан тек суретті көшіріп алу ғана келетіні анық. Пайдаланушылар ақ-қарасын өздері-ақ ажырата жатар" деп мәлімдеген болатын.

Жарнама 2013 жылдың шілде айында қазақстандық сайттардың бірінде жарияланып үлгерді. Олар тұтынушыларға телефон арқылы және электронды адрестер арқылы кеңес беріп отырған.

"Қазір ол сайтты құрастырушы компанияны таптық. Алайда, домен иесі жиі ауысады",-  дейді Н.Турдиев. Енді әнші Қазақстан Интернет ассоциациясына хабарласып, "жарнамашыл" сайттың Қазақстан аумағында қолданылуына шектеу қойғызбақшы.

Жаңалықтар
Толық