Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су-тіршілк көзі Сабақ тақырыбы: Бұлақ көрсең көзін аш Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы» Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды; - мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді; - мәтіндегі кейіпкерді сипаттайды; - кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себептерін дәлелдер келтіріп, бағалайды - төрт жолды өлең құрастырады;.....
Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Жетістіктері
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Өмірбаяны
Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, .....
Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы "Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде "көріпкел”, "әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев "Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында "Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қ-ндағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 ж. "Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылдыЖастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген. "15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды. Орта жүзге көмегі
Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев. Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды. Батыр туралы мәліметтер Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған "Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін "Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады. Екі жарым мың жылдық тарихы бар ежелгі Алматының қақ ортасында кіндік қаны тамған, "Райымбек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында: "Елім Албан, Жерім Жетісу. Жайлауым Асы, Қыстауым Алматының басы”, – деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерленіп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсінін орнатқаны аса бір сауапты іс болды. Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды. Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен. Райымбек батырдың аты қойылған жерлер
Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген. .....
NUR.KZ порталына Алматы облысы, Райымбек ауданының мәдениет үйі қызметкерлері хабарласып, ЭКСПО-2017 көрмесіне еріксіз билет алдырып жатқанын айтты. Жұмысына кесірі тиеді деп қорыққан мамандар есімдерінің жасырын қалуын өтінген.
Қазіргі таңда ұлтаралық некемен ешкімді таңғалдыру мүмкін емес. Бірақ елімізде қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуын қоштамайтындар көп. Қытай ұлтының өкілімен бас қосқан Айжан Райымбекова бұған біржақты қарсы адамдарға өз көзқарасын білдірді деп хабарлайды nur.kz.
Азат Райымбекұлы Сейтметов (1964 жылы 14 желтоқсанда Алматыда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1988 жылдан). Азат Райымбекұлы 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және театр актері" мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (2 наурыз, 1938 жылы Түркістан облысы, Түркістан - 3 қараша, 2007 жылы Түркістан) — актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1987). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген. 1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызыметке алынады. (Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат; Қ.Мұхаммеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат; «Құдағи келіпті» Арыстан; Ш.Айтматовтың «Ана – жер-Анасында» Жайнақты; М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді; М.Әцезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды; У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.брөлдерді шебер сомдаған дарынды артист).....
Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.
Өмірбаян Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған....
Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы ауылдары маңыдағы өзендер арнасынан асып, лай көшкініне толды.
Су басу аймағында Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысының аймағы, Дружба және Ақжар ауылдары қалып қойды. Полиция оқиға орнын қоршауға алған. ІІМ және ІІМ ТЖК жеке құрамы, сонымен қатар ішкі әскердің әскери бөліміне дабыл қағылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Куәгерлердің айтуынша, лай су Яссауи көшесінің бойымен Райымбек даңғылына қарай ағып жатыр.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары селге қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіруде.
“3:25. Эвакуация. Жанымызда сел жүріп жатыр. Мысығымыз.....