Химия | Поливинилхлоридті талшығының құрылымы қасиеттері және алу технологиясы

Қазақстан Республикасы үшін басты мақсат – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру. Мұның негізгі көрсеткіші – білім мен ғылымның өркендеуі.
Білім саласында бәсекелестік қабілеті бар мамандарды дайындау және инновациаларды белсенді енгізуді келесі он жылдыққа Ел басының қойған тапсырмаларының бірі.
Ерекше көңіл техникалық білім беру жүйесіне беріліп отыр, себебі мұндай мамандарды дайындау Қазақстанның индустриалды – инновациалық даму Стратегиясын жүзеге асырудың негізі болып табылады.
« Текстиль материалдарының жалпы технологиясы » оқу құралы
халқаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы, кәсіби білікті мамандарды дайындауға арналған.
Оқу құралында иірімжіп, мата тоқу, трикотаж және текстиль беймата өндірістерінің технологиялық процесстерінің мәні, олардың теориялық негіздері келтірілген.
Жоғары сапалы текстиль бұйымдарын өндірумен байланысты
мәселелерді қарастыру, негізгі технологиялық процесстерді талдау және тиімділігін көтеретін шарттарды табу.
Текстиль материалдарының технологиясы дегеніміз - иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата материалдары және талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да текстиль бұйымдарын өндіруді қамтамасыз ететін процесстер мен құрал – жаблдықтар туралы білімдер жинағы.
Технологиялық процесстердің сипаттамасы бойынша технологияны механикалық және химиялық деп екіге бөледі.
Текстиль өнеркәсібінің кәсіпорындары иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата жаймаларын және текстильді табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да бұйымдар өндіреді.
Өңделетін текстиль талшықтары мен химиялық жіптердің түріне байланысты текстиль өнеркәсібін мынандай салаларға бөледі:
- мақта, мақта талшықтары немесе оның химиялық талшықтар қоспасынан алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптен жасалатын
мақта және жартылай мақта маталарын өндіреді;
- жүн, әртүрлі жүн талшықтары (қой, ешкі, түйе және басқа жануарлар) мен оның химиялық талшықтар қоспасынан алынатын біртекті жіп немесе
ширатылған жіптерден жасалатын жүн және жартылай жүн маталарын өндіреді;
- зығыр, зығыр және басқа да зығырлы талшықтардан жасалатын маталар жартылай зығырлы маталар, зығырлы ширатылған бұйымдар өндіреді;
- жібек, табиғи жібектің ширатылған жіптерінен алынатын жібек маталарын, жібек иірімжіптерін, химиялық ширатылған жіптер, химиялық талшықтардан алынатын иірімжіптер өндіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық