«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білген ұстаз, мектептегі балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы бола білген ұстаз. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол таба білген мейірімді ұстазым Ташматова Гүлжамила апайымның ұстаздық өмір жолын өзінен кейінгі шәкірттеріне насихаттағым келеді. .....
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын. Мектептегі ұстаз - балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол тауып, тентекті жуасытып, еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізетін мейірімді адам. «Ұстаз» болған адам бақытты, адал, мәдениетті, білімпаз, өз білгенін үйрете білетін, өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім. Жүрек қалауым, балалармен жұмыс жасап, қуанышты күлкілерінен нәр алу болатын. Алғашқы қызығушылығым, бастауыш сыныпта сабақ берген Дина апайыма еліктеуден, қызығушылықтан басталды. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, сол балалық шақтағы арманым орындалып, бүгінде 35 жыл еңбек өтілі бар, 3(базалық) деңгейден өткен, 1санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. .....
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру орындары - білім жүйесінің ең басты буыны. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қаланған білім негізі студенттің болашағына жол ашады......
Кіріспе Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ. Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ. Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады. Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек. Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады. Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. ....
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. ...
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытын сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларга көмектеседі. 70-80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр бір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтерудің онда жағымды психологиялық жағдай туғьгзуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танын, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көніл бөлінеді. Зерттеудің мақсаты: Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Зерттеудің міндеті: Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің негізгі жұмыс мазмұны мен атқаратын міндеттері - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы; өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. ....
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік. Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде. ....
Әлеуметтік педагогика тәрбиелеу процесі және жеке адамның теориялық және қолданбалы бағыттары тұрғысынан қарастырылады. Негізінен әлеуметтік педагогика қоршаған ортадағы адамға қажетті тәлім – тәрбиені беруді басты мақсат тұтады. Бұл жеке адамның әлеуметтенуінен анықталады. Ұлы ғалымдардың ойынша әлеуметтік педагогика – педагогиканың саласы, ол әр – түрлі топтағы адамдардың әлеуметтік тәлім – тәрбиесін белгілі бір орталықтарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда қарастырады. Әлеуметтік педагогика педагогиканың тарихына жүгінеді, ол яғни тарихи кезеңдегі оқыту мен тәрбие берудің тәжірибесі және басқа мемлекеттердегі тәжірибелік тәрбие мен оқыту болып келеді. Бұл негізінен педагогиканың басты салалары болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік педагогиканың салаларына: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсіби білім педагогикасы, қоршаған орта педагогикасы, әлеуметтік жұмыстың педагогикасы жатады. Мына айтылған әлеуметтік педагогиканың әр бір салаларының өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен, әлеуметтік психологияның педагогикасы мен басқару психологиясымен және әлеуметтік біліммен белгілі бір маңызды бағыты ретінде өзара байланыс жасайды. Сондай – ақ әлеуметтік педагогика философия тәрбиесін, қазіргі адамдар арасындағы тәрбиелеуді қарастырып, өз іс - әрекеттерін байланыстыра отырып жүзеге асырады. Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың басты ерекшеліктеріне: гуманизмдық бағыт, ынтымақтық, достық тәрбиеның қалыптасуы жатады. Көмектесуде ең алдымен адам өз - өзіне көмектесе білу керек, яғни өзін жан – жақты көрсетіп, өзіндік ерекшеліктермен не өзгешелігімен көрініп, алдыға қойған басты мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизм жеке адамға көмектесуге негізделеді. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизмнің негізгі принципі: адам қандай да болмасын қандай бар солай қабылдау. Оның басына туған проблемалардан қашпай, керісінше бұндай қиын сәттерде көмектесу керек. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың басты шарты – бұл өзіндік педагогика бөлімдері. Бұл бөлімдерде әлеуметтік тәрбиелеумен оқытудың әдістері қалыптасқан. Әлеуметтік педагогиканың әдісі: өзіндік тәрбие, өзіндік ұйымдасуға, өзіндік қызметтерді орындауға бағытталады. Әлеуметтік орта дегеніміз – бұл біріншіден өте кең әлеуметтік болмыс, мемлекет, халық. Ал, екіншіден адамдарды қоршап тұрған орта, әрі адамның қалыптасуына өз септігін тигіэетін орталықтар мен ұйымдар. Оларға мысал ретінде мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы тәлім – тәрбие беруді де жатқыза аламыз. Әлеуметтік тәрбие – көпмағыналы мәнге ие. Бұл адамдардың өздерінің болашақтары үшін қамқорлық, адамдардың қоғамға деген жәрдем жасауы, яғни қиын кездерде көмек көрсету, адамдардың ұйымдарға, орталықтарға қолдау көрсетуі. Бұл адамдардағы көмек көрсету, адамның отбасындағы, халық арасында, құқықтық нормаларда, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық қарым – қатынастарда қалыптасқан. ....