Педагогика | Педагогикалық процестің заңдылықтары
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір-бірімен өз ара байланысып, тұтас педагогикалық процеске айналады
Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процкстің мәні зор, өйткені қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды.
Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әр бір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады . Тәрбиенің субъектісі мен объектілер арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс әрекет т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Адам баласының іс әрекетінде процес термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық, биологиялық процестер т.б. Процес бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекеттің жиынтығы болып табылады. Педогогикалық процестің заңдылықтарын Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалады.
Педагогикалық процестің басты идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.
Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық – психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс-әрекетінің сапасына тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау – бұл әр түрлі іс - әрекеттерін нақты жоспарлау,әр түрлі жұмыстарды (саяси – идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру. ....

Курстық жұмыстар