Патопсихологиялық синдромдар

Әр түрлі аурулардағы белгілердің қосарлануы кездейсоқ емес. Әрбір ауруда белгілер түрліше қосарланады.
Синдром – жалы патогенетикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер ауысуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Басқаша айтқанда әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады (И.В. Давыдовский).
Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі.
Кейде аурудың өрісін анықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады.
Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромдарды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте зор. Дұрыс диагнозсыз ауру адамға жедео көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамды (қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады: сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы.
Сананың бұзылуының өзіне тән белгілері бар. Мысалы, делириозды ой алжасуында айналадағыларды танымай, қай жерде, қай уақытта екенін білмей, әр түрлі елестеушіліктер, алдымен көру елестеушілігі, сандырақ ойлар болып, жүріс тұрысы қозады. Басқа ой алжасуында да өзіне тән белгілердің қосындысы болады. Бұларды ой алжасу (не сананың бұзылуы) синдромы дейді. Ой алжасуынан басқа ой алжаспау синдромдары болады. Оған төмендегілер жатады.....
Рефераттар
Толық