Патопсихалингвистика

Эмоционалды толқу күйі- адамның уақыты тығыз болған жағдайда маңызды шешім қабылдағанда, емтихан уақытында, басшымен сөйлескенде, жақын адаммен қарым-қатынасты анықтағанда пайда болады. Эмоционалды толқу кезінде адамның психологиялық күйі мен сөйлеу тілінің барлық компоненттері бұзылады.
Э.Л. Носенконың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, эмоционалды толқуға келесі сипаттамалар тән:
1) Адам толқып тұрған кезде қатты сөйлеуді немесе жай сөйлеуді. Сөйлегенде демалулар жиі болады және сөйлемдерді аяқтамайды.
2) Үзілістер көп болады, үзіліс кезінде көптеген еріксіз дыбыстар шығарады (ээ, кх, мм, ух, гм). Бұл дыбыстар қалыпты күйдегі адамдармен салыстырғанда 50% көп.
3) Сөйлеу тілінің грамматикалық жағыда өзгереді. Етістік пен бастауышты көп қолданады.
4) Сөйлеу тілінің лексикалық жағы өте қарапайым болады, қысқартылған сөздерді көп қолданады.
Бір сөзді немесе сқйлемді қайталайды (персеверация)

Егер адамға эмоционалды толқу кезінде ассоциативті эксперимент жүргізсек, біз оның қалыпты күйде өткізген эксперименттің айырмашылығын көреміз. Егер қалыпты жағдайда адам бір сөзге баяндауышты қолданса, ал эмоционалды толқу күйінде бір сөзге зат есімдерді қолданада.ы
Таңқаларлық бір жәй әртүрлі зерттеушілердің қабылдау жылдамдықтары әр түрлі болады. Мысалы: егер зерттелуші ынжық (тормоз) болса бұл адамдар сөйлемнің соңғы бөлігін жақсы есте сақтайды.
Ал қозғыш типтегі адамдардың қабылдау реакциясы шапшаң және сөйлемнің басын жақсы есте сақтайды.....
Рефераттар
Толық