ПРАКТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

• Сарымсақты қабықтары аршылған соң бір банкаға салып, бетіне зәйтүн майын құйып сақтауға болады.
• Пиязды қуырар кезде бетіне біраз ұн себілсе қараймайды.
• Бәлішті пісіргенде бетінің қызарып пісуін қаласаңыз, қамырдың үстіне жұмыртқа немесе айран жағылады.
• Пеште тауық пісірген кезде бір лимон екіге бөлініп, жартысы бетіне жағылады, ал жартысы тауықтың ішіне қойылады.
• Баклажанның ашысын кетіру үшін, қабығын ашып немесе турап біршама уақытқа тұзды суға салып қою керек.
• Кесілген және ашық ауада қалған пияз зиянды болады. Артылып қалған пияздар стретч пленкаға (ас үйлік жұмсақ рулон кленкаға) оралады.
• Буға жылытылған тауық еті дәмін жоғалтпайды.
• Айранның бүкіл дәрумендері мен минералдары суында.
• Жеңіл күйіктер салқын су немесе мұзбен суытылады. Жеңіл күйген жерге шикі жұмыртқаның ағы жағылып, 5-6 сағат жуылмайды.
• Киімге тиген сияны кетіру үшін, сияның тиген жеріне тіс пастасын жағып, кепкен соң жуылады.......
Кеңестер
Толық