Жігіт пен қыз туралы

- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.




Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Киім

Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

8 наурыз

Еркектер 8 - ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Бір үйге түскен келін

Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.
- Атаңның аты кім?
- Атамның аты Волк.
- Енеңнің аты кім?
- Енемнің аты шелк, - деген екен. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жас жұбайлардың жылдық жаңалықтары

Жас жұбайлардың жылдық жаңалықтары: бірінші жыл - ері сөйлейді, жұбайы тыңдайды. Екінші жылы - әйелі сөйлейді, шалы тыңдайды. Үшінші жыл - екеуі де сөйлейді, көрішлері тыңдайды. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Аяғымен ұрады

«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Бұрын әйелдер

- Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.
- Қазіргі әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Балаларға күлкілі анекдоттар мен әзілдер

Түлкі қоянға қоңырау шалады:

- Екеумізге піл сәлемдеме жіберіпті. Ашып қарасам ішінде он апельсин бар екен. Сегізі саған, ал сегізі маған.

- Түлкі, сегізді сегізге қоссам он болмайды ғой?

- Ешнәрсе білмеймін. Сегізін жеп қойдым.

 


Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды:

-  Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба?

Зебра айтады:

-  Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Информатика (11 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Информатика
11 СЫНЫП
(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР  
«Бұлттық технологиялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
«3D модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау  
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР  
«Мобильді қосымшалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
«IT Startup» бөлімі бойынша жиынтық бағалау  
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР  
«Сандық сауаттылық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

География (11 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

География пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ......................................4
«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .....................................4
«Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .............................7
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ....................................16
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ....................16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ....................................20
«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................................................................20
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................................................24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ....................................28
«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................................................28
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау........................32

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық