Томирис есімінің мағынасы - шығу тегі түркі тілі. Мағынасы "Темірді қирату", "Темірді майыстыр", яғни "темір" ~ мағынасы/----аудармасы емес... Темірдей мықты/сонымен қатар Қайратты/Қайсар болсын деп қойған.(Қыз бала, Ұл бала бәрібір, кімге болмасын..) ...ал КөнеИран тілінен "Томруз" - үйшіл / домашняя - деген мағынаға ие.
Ислам ғұламалары: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.
Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген.
Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.
Ардақты ағайын! Көппен көргеннің арманы жоқ, ел қариясы – ел қазынасы деген. Қарты бар үйдің құты бар дейді. Бүгін аяулы әкеміздің Пайғамбар жасы – 63 жылдық мерей тойын Сіздермен бірге атап өтіп отырғанымызға қуаныштымыз. Ата-анамыздың, олардың қатарының өмір жолы қайсарлардың заманы болды. Бізді бүгінгі күнге жеткізген осы әкелеріміз бен аналарымыздың еңбегі. Әкеміз анамызбен екеуі қатарымыздан қалдырмай өсіре білгеніне ризашылықпен басымызды иеміз.
Ілгеріде қызын ұзатқалы отырған бір ғұлама қызына арнап мынадай өсиет айтқан екен:
Қызым, әкенің қызғаақылайтқаны орынсыз шығар, алайда бұл өсиет ақыл айта алмайтын кейбір ата-аналарға үлгі болсын. Сен өзіңді еркелетіп, алақанына салып, аялап отырған ортадан анау-мынау қателігіңді көтере алмайтын ұяға ұзатылып бара жатырсың. Ендігі жерде өзіңе ешқашан дос тұтпаған адамды дос тұтасың. Онымен бірге өмір сүресің. Кейде көңіліңе қаяу түсуі мүмкін. Сол кезде әкеңнің мына бір сөздерін жадыңа тұт: .....
Міне, бүгін қоғамымызға тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Отан - отбасынан басталса, қоғам - екі жастың жараса көтерген шаңырағынан құрылатыны мәлім. Қарақтарым, үйленіп, үй болдыңдар. Қиналсаң жасып кетпеуіңе себепкер болып, дем беретін – жалғыз жан-жарың. Қандай жағдайда да әйел күйеуіне, күйеуі әйеліне сүйенеді. Енді қуанышты....
Айналайын, құлындарым! Алла Тағала Құранда ерлі-зайыптыларды: «Олар – сендер үшін киім, сендер де – олар үшін киімсіңдер» , - деп сипаттаған. Демек, адамның киімге, киімнің адамға қарым-қатынасы қандай болса, әйелдің еріне, ерінің әйеліне деген қарым-қатынасы да тура сол секілді болуы керек. Киім адамды безендіреді, ажарландырады, көркін ашады! Дәл сол секілді бір-біріңе жарасымды, жағымды жұп болыңдар! Киім - ыстықта пана, суықта қорған болатыны секілді сендер де жақын қарым-қатынаста болып, қиындықта, сынақта, ауыртпашылықта біріңе-бірің қорған болыңдар.