Тот басқан пышақ
Бір адамның өмір сүруге деген құлшынысы кеміп, бүкіл жолы жабылып, түңілердей болады. Өзін ешкімге керек еместей сезінгеннен өткен азап бар ма? Үйіндегі жылтыраған заттың бәрін сатып жіберген. Содан күнделікті нан-суын тауып іше алмайтындай төменге түсіп, шың басынан шыңырау құзға құлдырап, түпте мас күйде бұлдырап жатқанда көзіне керует астындағы ескі қобдиша түсті. "Әй, мынау менің бір кездегі қобдишам емес пе? Осының ішінде не бар екен? Сатуға тұратын бір зат табылса жақсы" деп жорғалап барып, керует астына қолын созып, шаң басып, мың қабат сүмелекпен баттасқан көне....