Қабірлерді зиярат жасау дініміздегі ең жақсы амалдардың бірі. Біз қабірстанға барғанда ең әуелі мына дұғаны оқимыз: «Әс-сәләму ъаләйкум әһләд-дйәри, минәл мумйнйинәуәл-муслймйинә уә иннә иншааллаһу бикум лә хикуунә (уә йархамул-лаһул-мустәкадй-мийнә миннә уәл-мустәхирийнә).
Зәм-зәм суын ішкен әрбір мұсылман бұл дұғаны оқыса, ол дұға қабыл болады және тілектері амалға асады: «Аллаһумма иннйи ас-алукә илман-нафиъан уә ризқан-уәсиъан уә шйфаън мйн кулли даъин уа сақаман».
Пайғамбарымыз (с.а.с. )айтқан: "Егер түнде иттердің үргенін және есектердің ақырғанын естісеңіздер, олардан Аллаһқа сыйыныңыздар. Өйткені, олар сіздер көрмейтін нәрселерді көреді", - деген.
Бір күнә істі жасап қойса. Аллаһ Тағаладан: кешірім сұрап, тәубе етіп, дәрет алып екі ракат намаз оқылады және күнәсін жуу үшін жақсы, қайырымды іс жасау керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: "Аллаһқа ант, шын мәнінде мен бір күнде жетпіс мәртеден астам кешірім тілеп, тәубе етемін", деген, тағы бір хадисте....