Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау проблемалары

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Рефераттар
Толық