Отқа оранған жүрек

Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. ­ Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім......
Махаббат хикаялары
Толық