Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды 6 ай бойы ала алмады?3-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды 6 ай бойы ала алмады?3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
Сабақ мақсаттары: «Отырар апаты» оқиғасын анықтау және талдау
Отырар апатын бағалау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: • Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
• Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін біледі, картадан көрсетеді
Оқушылардың басым бөлігі:
• Саяси жағдайды, өзгерісті талдайды
Кейбір оқушылар:
• Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмағандығын дәйектермен дәлелдеу.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Отырар Александрия кітапханалары (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Отырар, Александрия кітапханалары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кітапхана туралы Отырар кітапханасы (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана туралы. Отырар кітапханасы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі)

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.



ТАҚПАҚТАРЫ ӨЛЕҢДЕРІ НАҚЫЛ СӨЗДЕРі ӘҢГІМЕЛЕРі ПОЭМАЛАРы

Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Отырар кітапханасы)

Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,
Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.
Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,
Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай. ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық

Шымкент Түркестан Тараз Отырар қалаларының мәдениеті

Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам — деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда) атауы. Мұны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды ішінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала»— «Испиджаб» — «Сайрам» деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі айғақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңгүстігіндегі ең ірі қалаға айналады.
Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды.
X ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазады: «Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан (орталықтан), қамал мен рабадтан (керуен-сарай) тұрады. Қамал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатытын оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай (20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бұхара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединаға орналасқан. Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж (салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ». Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары — керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бүхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI—XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді. Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді — одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.....
Рефераттар
Толық