2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Ас адамның арқауы демекші асымыздың, азық-түліктеріміздің сапалы болуына мән беруіміз қажет. Азық-түліктер неғұрлым балғын, табиғи, қоспасыз, экологиялық таза болса, соғырлұм сапалы болатыны мәлім. Бұл ретте отандық өнімдеріміздің осы аталған қасиеттерге жауап бере алатынын айту керек. Мәселен ас атасы нанның шикі заты болып табылатын Қазақстандық бидай өзінің жоғары сапасы арқылы әлемдегі нарықта жоғары сұранысқа ие. Осының өзі де отандық ұннан жасалатын өнімдердің сапасын айқындап тұр. Ал ет өнімдері болса, шет елдерде дәрінің көмегімен тез арада өсірілетін арзан еттерге қарағанда, өзіміздің ауыл шаруашылықтарында, ен далада жайылып табиғи жолмен өскен отандық малдардың еті әрине дәмділігі жағынан да, құнарлығы жағынан да пайдалы болмақ. Базардағы сатушыдан «шет елдік тауық еті неге біздің отандық тауық етінен арзан» деп сұралғандағы жауап көңілге қонышты болып еді. «Шет елдік тауық етінің іші толған су, мұзы ерігенде еті бүрісіп кішірейіп қалады, ал өзіміздің өнім сол қалпы қалады» деген болатын. Қаншама жол жүріп, қаншама делдалдардың, алып-сатарлардың қолынан өтіп бізге жетіп келген шет елдік азықтардың отандық өнімдерге қарағанда арзан болуы көп күмән туғызары анық. Көбіне дәрі-дәрмек, химикаттар, табиғи емес қоспалар қосу арқылы аз уақытта көп өнім .....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Григорий Николаевич Потанин мен қазақ зиялылары арасындағы байланыс көрсетіліп, олардың шығармашық қызметі зерттелген. Тамыры терең бір-бірімен замандас болған зиялылар өкілдерінің саяси және рухани көзқарастарына тарихи талдау жасалады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ерекше орны бар Алаш Орда тарихына да аттай 90 жыл толды. Ел тәуелсіздігін аңсаған Алаш арыстары қазақ халқының алдындағы өзінің азаматтық міндетін орындады. Олардың ұлттық идеясы әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді .....
Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау - фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру......