Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
Рефераттар
Толық