Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» Оқу мақсаты: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу; 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады. Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады. Кейбір оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді анықтайды; өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады.......
Мектепалды даярлық сыныбына арналған 32 сағаттық «Өнерлі екен он саусақ» вариативті сабағы авторлық бағдарлама. Бұл бағдарлама әдістемелік бірлестікте қаралып, мектептің педкеңесінде (28. 08. 2013ж. хаттама №1) бекітіліп, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде келісілді. Бұл құрылған бағдарлама «Коллекция идей» Ресей журналдары, «Айгөлек» журналдары қолданылды. Аталған еңбекте балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, көркем жапсыру, қол еңбегі, бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен жолдары ұсынылып отыр. Көркемдік тәрбие беруде балалардың эстетикалық сезімдері, көркемдік талғамдары, қоршаған ортаны көркем ой арқылы қабылдау және мінез - құлық мәдениет дағдылары қалыптасады. Табиғи материалдармен жұмыс жасау - балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Өздері жасаған жұмыстарын бір - біріне сыйлық етіп ұсынуға, мерекелерде ата - аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстың тәрбиелік мәні зор......