Пән: Қазақ тілі Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы Сабақ тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А2; Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау. Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар Мәтінді түсінеді; Көтерілетін мәселе мен көзқарасты талдайды; Мәселені талдауға қатысады. Көптеген оқушылар Мәтінді түсініп, мәселені анықтайды; Автор көзқарасын талдайды; Мәселені талдауда жеке пікірін білдіреді. Кейбір оқушылар Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; Өзіндік көзқарасын толық жеткізеді; Автор көзқарасы мен мәселені жан-жақты талқылайды......
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. 6.3.2.1. жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Ән тыңдап, мазмұнын түсінеді; тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді; шынайы өмірмен байланыстара алады; құттықтау хат құрастырып жазады; жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап жазады.....
Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр. Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым. Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың шертпесі соның бастамасы болсын. Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым. ....
Домбыра туралы ұғым алу Аталар мұрасы - халық қазынасын сақтау Домбыра құрылымын білу Домбыра тәрбиесінің маңызы Ата - бабамыздан қалған дәстүрді жалғастыру Домбыра аспабын бүкіл әлемге таныту
Жобаның өзектілігі: Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.
Жобаның болжамы: *Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойы, санасы өзгерер еді.
*Егер де әр қазақтың үйінде төрінде домбыра болса және оны балаға жастайынан үйретсе, «Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа бармайды», «Домбыра тартқан бала адаспайды» деп ертеде ата - бабамыз текке айтпаған......
Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. .....