file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кітап неге оқылмайды

Наданмен қас болғанша, Кітаппен дос бол

Бауст



Қазіргі таңда кеңес елі кезіндегідей емес кітап оқитын адам саны аз. Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни көп оқитын ел болғанымен таңдау құқығының шектеулілігінен өкінішке орай адамдар кітап оқудан пайданы ала алмады.

Ал қазір.... кітаптың небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!

Кітап оқитын жастар жоқ емес,бірақ олар ішкі мазмұны емес сыртқы жылтырауығына қарап оқима деимін.

Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.

Л.Н. Толстой

"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің ойың...
Кітап тек досың ғана емес, ұста­зың …ақылшың.

Қазіргі кезде том-том кітап құ­шақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіретін болдық. Мерекелерде адамдар бір-біріне кітап сыйламайды. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Өкінішке қарай, кітапқа деген адамдардың өз бетімен қызы­ғу­шы­лығы азайып барады. Оның себебі ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Қазіргі жастар кітап оқудың орнына теледидарға үйірсек.

Қазіргі таңдағы ғаламтор, компьютер,теледидарлар кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді
Қазақтың бай тілі – бар қазынасы көркем әдебиетінде. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен сол ұлттың өзіне керек. Қазіргі біздің қоғамымыздың алдында жас ұрпағымызды кітапқа, нақтырақ айтсақ қа­зақ тілінде жазылған кітапқа бау­лу деген міндетіміз бар. Осыны естен шығармағанымыз абзал.

Амангүл Зияқажықызы

.....
Әңгімелер
Толық

Патшаның қызы неге бақытсыз

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін......
Ертегілер
Толық

Бөдененің құйрығы неге қысқа

Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ, шамалары келмепті.Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» - дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты.
- Тәуекел! - деп, бөдене ұша жөнеліпті.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Ертегілер
Толық

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді.......
Ертегілер
Толық

Бөдененің құйрығы неге келте

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті.
Бүркіттің атақтысы келіпті, аса алмапты.
Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты.......
Ертегілер
Толық

Ит пен мысық неге араз

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.
Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.......
Ертегілер
Толық

Қарлығаштың құйрығы неге айыр

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.......
Ертегілер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Ағаштар неге ашуланды

Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді.

Мектепте көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды.

Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тан іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол. Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайың әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды.

Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.

Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап есе бастады. Солардың арасында: Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөжіп шалажансар жұтап тұрды.

Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде, қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалып, құритын шығармыз», — деп уайым шекті.

Бұл қайғылы халді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай. Алмабек дейтін бала алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың халі мүшкіл екен»,— деп, ол сыбдырлап бұталарға айтып еді. Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбдыр қағыл талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кен алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді......
Әңгімелер
Толық

Жарқанат неге түнде ұшады?

Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып:
– Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті.
Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Ертегілер
Толық