Наурыз

Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін,
Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін!
Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен,
Сол Наурызбен айналаға нұрға толы бақ келсін!

Табиғаттың гүл еркесі көктем жетті дегейсің,
Сол көктеммен көңілдердің....

Құттықтау, тілектер
Толық

Наурыз мейрамы құтты болсын!


Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Құттықтау, тілектер
Толық

Әз Наурыз - ұлы дала тойы

      Халқымызбен жұмыла тойлайтын,қазақтың қанына сінген төл мерекеміз әз Наурызда келді.Бір жылымыз домалана өте шығып,жаңа жылымызбен қайта қауышып отырмыз.Самарқанның көк тасын жібітіп,жер жүзіне қайта тыныс беріп,тіршілік иелеріне жан беріп,бар шаһанды жаңартып өз нұрына бөлейтін бұл мереке біз үшін бәрінен айрықша.Наурыз тойы көктемгі күн мен түнің теңелу мерзімі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында аталып өтіледі.Бірақ иесі қазақ,ата-баба дәстүрін дәстүрін дәріптейтін көп отбасылар Наурызды қарсы алуды әдеттегі күннен бұрыңырақ, наурыз айынын он төрті Көрісу мейрамынан бастау алып тойлатады....
Эсселер
Толық

Наурыз мейрамы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақ тақырыбы:Наурыз мейрамы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау. 1.2.3.1 сұхбаттасының сұрағына жауап беру және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолдану.
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау. 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: сұхбаттасының сұрағына жауап береді және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолданады, мұғалімнің көмегімен қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Көптеген оқушылар: сұхбаттасының сұрағына жауап береді және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолданады, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Кейбір оқушылар: сұхбаттасының сұрағына жауап береді және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолданады, баға береді, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тарих | Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Наурыз мейрамының тарихи түп - тамырына үңілсек...
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет - ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той – томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым - сырым, наным - сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар - жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - Қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы - Соғым енеді.
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным – түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады......
Ғылыми жобалар
Толық

Наурыз туралы 8 шумақ тақпақ

  Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.  

Тақпақтар
Толық