Мәдениеттану | Мәдениеттану ұғымы және мәні

Мәдениеттану XIX ғасырдың сонғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарына тыс қалған жоқ. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның мәдениет туралы ғылымның әр тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Көпшілік жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың негізі ретінде қарастырылып жүр. Дегенмен біртұтас, біріңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді, мәдениеттануды тек ғана білімдер жүйесі тұрғысында қарастыруға болмайды. Мәдениеттануда рационалды білімдер жүйесімен қатар, рационалдықтан тысқары түсіну жүйесі бар, мұның екеуі де іштей үйлесімді және екеуі бірдей мәдениетті ғылыми-гуманитарлық тұрғыда түсінуде маңызды роль атқарады. Түсінудің толықтығына сүйене отырып толығынан түсіну, мәдениеттанудың ең жоғарғы жетістігі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Мәдениеттану ұғымы

Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүние жүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос»-көне, «литос»-тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (неолит). Археология ғылымысаласындағы мұндай ғылыми тұжырым ХІХ ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5-2,6 млн. жылдай бұрын басталып,б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Алғашқы қауымдық құрылсытың екінші және үшінші кезеңдері-қола ғасыр-б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады.
Кейінгі полеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады.....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері - әлемдік тарихтың ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен қатынаса аламыз”/1/. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1.1. МӘДЕНИЕТТАНУ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ ?
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1.1. МӘДЕНИЕТТАНУ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ ?
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық