Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (әнұран)

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің.....
kz
Толық

Талғат Мұқантаев

Талғат Мұқантаев - дәрігер, хирург

Талғат Мұқантаев 3 қазан 1965 жылы Қазақстан республикасы, Форт-Шевченко қаласы, хирург-дәрігері отбасында дүниеге келген. Қазақ. Медициналық институтта оқу барысында, ол ақтөбелiк облыстық ауруханасында хирургиялық бөлімінде, медициналық аға ретiнде өзінің еңбек жолын бастаған. 1988ж. Ақтөбелiк Мемлекеттiк медициналық институтының емдiк факультетiн ойдағыдай бiтіріп, содан кейiн Маңғыстау облыстық ауруханасында шұғыл медициналық жәрдем беру бөлімінде хирург-дәрiгері болып жұмыс iстедi (Актау қ., Қазақстан Республикасы). 1992 – 1995жылдар аралығында РАМН Ғылыми хирургиялық орталықта клиникалық ординатурада оқып (Москва қ.), профессор А.Ф. Черноусовта, асқазан, өңештің жарақаттары және хирургиялық жолмен емдеу мәселесіне арналған, медициналық ғылыми кандидаты диссертациясын ойдағыдай қорғады. Қазіргі таңда И.М.Сеченов атындағы Бірінші МГМУ факультет хирургиясының клиникасында дәрігерлік диссертациясын қорғауды аяқтауда (Москва қ., РФ).

Ординатураны бітіргеннен кейін, 1995 - 2000 жалдары (Ақтау қ.) Маңғыстау облыстық ауруханасында хирургиялық көмек бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасады. 2000 ж. осы больницада жалпы және видеоэндоскопия бөлімін негіздеп және басқарған. 2006 - 2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасап отырып облыстың алдағы медициналық мекемесін еуропалық стандартқа сай бастамашылыққа алып және масштабты қайта құруын шындыққа ойдағыдай іске асырды. Қазіргі таңда, облыстың штаттан тыс бас хирургі, облыстық ауруханада видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Баймұқанова

Әсел Баймұқанова Каспийдегі итбалықтарды зерттеп, таспаға түсіреді.

«Мен итбалықтарды зерттейтінімді білген кезде, көп адам біздің елде олардың әлі күнге дейін мекен ететініне таңғалады. Тіпті, ақтаулықтар да».

Әсел Баймұқанова Марқакөл өзенінің бойында дүниеге келген. Бала кезден жоғалып бара жатқан жануарларды қорғау саласында жұмыс жасауды армандаған көрінеді.

«Менің әкем – ихтиолог, ол белгілі жерде ғана мекен етететін балықтарды зерттейді. Алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімде, әкем менің өтінішім бойынша Марқакөлді аралатты. Қайыққа отырып, әдемі табиғатты тамашалаймын деп ойлаған едім. Бірақ күн қатты суық болып, масаға әбден таландым. Содан бері ешқашан мұндай сапарға шықпаймын деп шешім қабылдаған едім».

Алтыншы сыныпты аяқтаған жылы Әселдің отбасы Алматыға көшіп келеді. «Өскен сайын табиғатты қорғау мселелері бұрынғыдай уайымдатпайтын болды» дейді ол. Осылайша Әсел басқа сала бойынша оқуға түседі. Бірақ уақыт өте келе бала арманын жүзеге асыруды қайта қолға алады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов — атақты жазушы. Ол Орынбордағы рабфакты 1926 жылы бітіреді. Сәбит 1935 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің.....

Диктанттар
Толық

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы (1886-1948)

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған.......
Рефераттар
Толық

Cәбит Мұқанов (Тарихқа тұлға армия)

Даусы октябрьдің саңқ еткенде,
Құлдық түн жиырылып жалп еткенде,
Құлпырып бостандықтың тоты таңы,
Алтын күн - коммунизм жарқ еткенде.
Жыртқыштар түн жорығын аңсағанда,
Бостандық көгін бұлт қоршағанда,
Даусы жердің жүзін......
Өлеңдер
Толық

Cәбит Мұқанов (Сөз - советтік армия)

Сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны -
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы.
Жеткен соқ қолы сөздің кен тасына,
Кен күйінде қазына бомбасына
Түсініп, қорытуға әкеп......
Өлеңдер
Толық

Cәбит Мұқанов (Сүт зауыты)

Мәз-мәйрам боп, қарқ-қарк, күліп қатындар,
Шуласады: «Жылдамырақ тартыңдар!»
Күр-күр етіп зырылдайды доңғалақ,
Күлімдейді өңкей «нашар-пақырлар».
Талай шелек лық толып тұр мөлтілдеп,
Желге ұшады көбіктері желпілдеп,
Сепаратор шелегіне құйған сүт
Шұп-шұқыр боп ағып жатыр......
Өлеңдер
Толық