Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық

Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
Шығарманы талдауға қатысады;
Көптеген оқушылар
Шығарманы ұлттық құндылығы тұрғысынан талдап, көркемдегіш құралдарын анықтайды;
Кейбір оқушылар
Көркемдегіш тәсілдердің қолданысын тиімді талдайды;
Әдеби эссені ұлттық құндылық тұрғысынан талдап жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Шығармамен танысады, сюжетін біледі;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді ажыратады;
Көптеген оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін ажыратады;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
Кейбір оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін тиімді талдайды;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыруда ұтымды ой айтады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі)

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.



ТАҚПАҚТАРЫ ӨЛЕҢДЕРІ НАҚЫЛ СӨЗДЕРі ӘҢГІМЕЛЕРі ПОЭМАЛАРы

Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Желтоқсан алаңы)

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Ғашықтық ғаламаты)

Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, жылады:
"Жалғыз қызым бар еді, айнам,
Тірлігімнің шынары
Еркелеттім,
Өмірімді желкен еттім жолына.
Тек сол гүлдеп толыссын деп,
Тек сол кисін, сол ішсін деп,
Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына.
Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары,
Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағы,
Алды болды құрбысының бірге өскен.
Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен?
Бекер,
Бекер жіберіппін еркіне,
Ерте түсіп қалды-ау, сірә, албырт сезім өртіне.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Танакөз)

Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,
Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мәңгі бақытты санайды екен
Сол аралдан от алып ұшқан адам. ....
Өлеңдер
Толық