Мұхтар Әуезовты абақтыдан арашалап қалған Тұрар Рысқұлов

Кезінде Сталиннан қаймықпай, елінің мүддесі үшін қызмет еткен тұлғаның қазақ тарихында алар орны да ерекше. Әсіресе, оның мыңдаған қазақты аштықтан құтқарып қалғанын ел аңыз ғып айтады. Белгілі Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ол туралы “Қызыл жебе” атты роман жазып, Тұрарға кітаппен ескерткіш қойды. Өзінің “Бір кем дүние” атты кітабында жазушы: “Тұрар Рысқұлов 1938 жылы атылды деп жазылатын. Қабiрi Москва түбiндегi Бутова....

Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов

Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы

Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік әдебиет пен мәдениетке қымбат қазына қосқан, «сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін» әлемдік құбылыс, қазақ әдебиетінің шыңы саналатын, қазақ халқының ғасыр перзенттерінің бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Мұхтар Әуезовтың есімін атаған кезде ең алғаш Абай бейнесі, «Абай жолы» эпопеясы көз алдымызға келеді. ««Абай эпопеясы-творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» деген екен М. Луконин.

Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.

Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш......
Шығармалар
Толық

Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Көптеген оқушылар: қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ережелерге сүйеніп табады және түзеті.
Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша өз бетінше мазмұндайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай»
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі;
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды;
Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
Шығарманы талдауға қатысады;
Көптеген оқушылар
Шығарманы ұлттық құндылығы тұрғысынан талдап, көркемдегіш құралдарын анықтайды;
Кейбір оқушылар
Көркемдегіш тәсілдердің қолданысын тиімді талдайды;
Әдеби эссені ұлттық құндылық тұрғысынан талдап жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Шығармамен танысады, сюжетін біледі;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді ажыратады;
Көптеген оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін ажыратады;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
Кейбір оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін тиімді талдайды;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыруда ұтымды ой айтады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық