Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс

2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)

Қасиетті Рамазан айының басталуына бір ай уақыт қалды. Еліміздің мұсылмандары да осы айда ауыз бекітіп, құдайға құлшылық етеді. Осы ретте «Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?» деген оқырмандардың сауалына дінтанушы жауап берді деп жазады baq.kz.
Кеңестер
Толық

Қазақ хандығына 550 жыл

Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған,
Ата-бабам азаттықты аңсаған.
Бөлініп шығып Әбілхайыр елінен,
Дербес елдің құрылуына жол ашқан.

Көшіп барып Моғолстан еліне,
Қоныс теуіп Шу өңірі....
Өлеңдер
Толық

Ораз Мұхаммед хан Онданұлы (1573-1610)

Ораз Мұхаммед - Жошы әулетінен шыққан қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Ондан сұлтанның баласы, Тәуекел ханның немере інісі, Орыс ханның жетінші ұрпағы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында «қазақ ордасының ханзадасы» деп аталған. Ораз Мұхаммед 1586 жылы өз қарашасы Қадырғали Жалаиримен бірге Сібір хандығының астанасына келеді. Сібір ханы Сейдахметпен (Сейдек, Сейдақ) Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде........
Рефераттар
Толық

Құл-Мұхаммед: Қазақ тіліне қауіп төніп тұр деуге негіз жоқ

Бүгінде қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға болмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Министр атап көрсеткендей, бүгінде тіл мәселесі зиялы қауым арасында жиі қозғалатын тақырып болып саналады.

"Мен де қазақ тілінің жанашырымын. Негізі, қазіргі кезде республика бойынша қазақ тілді және аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың саны барлық балалардың 71 пайызын құрап отыр. Бұл мәліметті Статистика агенттігі де растап отыр. Жақында агенттік Қазақстан халқының 17 млн. 100 мыңнан асқандығын хабарлады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы сияқты қазақтар көптеп шоғырланған аймақтарда халықтың өсімі жоғары болып тұр. Ал елімізде мектеп оқушыларының 71 пайызы мемлекеттік тілде оқитын болса, қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға ешбір негіз жоқ", - деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.

Жаңалықтар
Толық