Көкпар- нағыз ерді шынықтыратын алаң. Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеп, талайды тамсандырған шабандоздар бар. Тілләбек Cүлейменовтің жанкүйері болып, көкпарға бет бұрған Сарыағаш жасөспірімдер тобының көшбасшысы- Өскенбай Тұрматбек ойынның қыр-сырымен бөлісті.
2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Көктем аруы» байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты- қыз баланың жан сұлулығы және 40 үйден тыйылуды дәріптеу. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиені, салт-дәстүрді ұғындыру. Сұлулық пен зияткерлік ұштасқан «Көктем аруы-2021» байқауының жеңімпазы Орынбасар Қарақат Оралтайқызы байқау жайында ағынан жарылмақ
Бұл дүние баянсыз, Тұрмайтұғын қалыпты. Бұзыларда патша, Төндірді елге қауіпті. Әскер бер деп зықтады, Ауырлатып салықты. Әскер бермей қырылды, Жақсы-жайсаң даңқты. Ел басына күн туып, Зар жылатты халықты. Қарқара деген жайлауда Көз көрген бұл іс анық-ты. Қайран албан тоз-тоз боп, Өрге қарай ауыпты. Қатын-бала зар жылап, Орта жолда қамықты. ....
Кіріспе. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі - қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру, айқындау. Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылады. Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі - әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз иелеріне тиісті екені даусыз. Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын аныктау - ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.....
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) - 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры .....
Мұсабек батыр Қалдарбекұлы (1815-1886) жылдар аралығында казіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірінде өмір сүрген. Мұсабек батыр, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан атақты қазақ батырларының бірі. Өз заманында алты алашқа аты шыққан Сапақ датқа Қалдарбекұлының туған інісі. Қоқан хандығы 19-ғасырдың екінші жартысында алым саққа қазақ қыздарын ала бастағанда, ел арасында толқулар болып, Қоқан хандығына деген халықтың ашу ызасын тудырады. Мұсабек батыр қол бастап, қазақ батырларын жинап .....
Bia.kg сайтының редакторы мен "Алиби" газетінің журналисі Упел Анаркулова ЖК-ның қандай да бір депутаты өзін 10 еркекке зорлатамын деп қорқытып жүргенін әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды zanoza.kg сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.