Ерлік – ел мұраты

Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?!
Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!
Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?!
Мұхтар Әуезов


... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады, таусылғанда айласы.
Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші......
Шығармалар
Толық

Мұқасан Шахзадаев Досмұратұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).

Мұқасан Досмұратұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Досмұрат Шахзадаев.
1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген.
1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген.
1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, сол топта осы уақытқа дейін өнер көрсетіп келеді.
1993 - 1999 жылдары Бауыржан Ибрагимовтің ашқан "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның әрітісі болды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ақұштап Бақтыгереева (Азамат)

Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден,
Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің.
Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген
Баласы болды-ау осы елдің.
Кездесе бермес құрметің мұндай тосыннан,
Көргені көп-ау, кешкені.....
Өлеңдер
Толық

Мұрат Мөңкеұлы (Шәлгез)

«Ноғайлығының он шалы, біреуі Шәлгез жырау, қалмақтың көп жылқысын қуып қашады. Артынан көп қалмақ қуып жеткенде Шәлгез жырау тоғыз шалға жылқыны айдатып жіберіп, өзі қалмақты сөзбен тоқтады. Сөзінде жылқыны айдаған шалдардың әрқайсын бұрынғы замандағы атағы шыққан батырлар деп.....
Өлеңдер
Толық

Мұрат Мөңкеұлы (Қыз)

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз,
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз.
Шәй ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әзер тұрасың....
Өлеңдер
Толық

Үш қиян - Мұрат Мөңкеұлы

Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатка» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдын шамасында болған.

1
Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған –
Адыра қалғыр....

Өлеңдер
Толық