Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады. Тоныкөк
Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.
Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
Отан сөзі – әр адамның жанына жақын жүрегіне жылы естілері сөз.
Менің туған жерім - Қазақстан. Қазақстан Республикасы – қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн! Тәуелсіз мемлекетіміздің бой көтеруі – алаш елі ұрпақтарының талай ғасырға созылған ұлт-азаттық және желтоқсан оқиғасының нәтижесі. Қазақ халқының көпшілігі бір жағынан патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан ауылдағы бай – шонжалардың езгісін, ауыртпалығын көтерді. Осы уақыт ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі ауыр кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас қайраттың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.
Тәуелсіздікке жету – қазақ алашы үшін даңғыл жол болған жоқ, әрине, халық ұлы белестерден, қиын – қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Өткенге шүкір, бүгінгіні пікір ету үшін де өткенге ой жүгіртуге тура келеді. Ол үшін ең алдымен мына сауалға «бұл тәулсіздік күнге қалай жеттік?» жауап іздеуіміз керек сияқты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қарсы тұра білді. 20-шы жылдардағы аштық, 30-шы жылдардағы тотолитарлық жүйе, 1941жылғы Ұлы Отан соғысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Кенесары жауынгерлері «Абылай» деп ұрандап, өз ерлерінің қадірін бағалай білген. Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді. Қанша қиыншылық болса да, біз оларды ұмытпаймыз. Себебі – бұл тарих......
Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. .....
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты еді. Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз.Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-Тәуелсіздік. Тәуелсіздік... Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғықасірет,қаншама жүрегім,елім,жерім,халқым деп соққан,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін,атамекен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар атқардық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті елдерінің қастарына қостық. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша......
Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру; 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету . Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді күйдің үзінді нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады. Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады ......
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады. Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.....
Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Ж. Әлмашев «Бимұраттың бір күні» Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп оқиды, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады,сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, кейіпкерге хат жазады . Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады, үлгі бойынша хат құрастырып жазады Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, кейіпкерге өздгінен хат жазады ......
Елік Бердімұрат 1998 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығының студенті. Павлодар облыстық « ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» олимпиядасының жүлдегері. Көркемсөз оқу шебері.