Бір кезде әлде қалай бір нәсілдес Алдында көп таулардың болып кеңес. Қазыбек Шат тауымен екеуінің Бір үлкен арасында шықты егес. Кәрі Шат деді: «Сақтан» Қазыбекке, Адамға бағынбадың тіпті текке. Үй салып, түтіндетіп етегіңе Қиратса ағашың да бармас көпке. Уатып тас кеудеңді темір күрек Алтын, жез хазнаңды алар керек.....
Қыран бүркіт бір күні Алып қызыл түлкіні, Масаттанып қайтып ед, Иесі бастап әңгіме Жиналған жұрттын, бәріне Жыр ғып кешке айтып ед. Қасына кімдер ергенін, Түлкіні қалай көргенін, Өзекпен сұмның зытқанын, Томағасын сыпырып, Алғанда қыран құлпырып, Шарықтап көкке шыққаңың.....
Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың.......
Нұрмаш айтады: «Дүйсен, біздің үйге бала бол, сонда біздің үйдің кісілері сіздікінен екі рет артық болады». Дүйсен ойлап тұрды да: «Жоқ, Нұрмаш. Сен біздің үйге бала бол, сонда сіздің үйдің де, біздің үйдің де кісілері бірдей болады», - деді.
Табыңдар, балалар, Нұрмаштың үйінде неше кісі бар? Дүйсеннің үйінде неше кісі бар екенін? .....
Мен 1921 жылы Семей уезінде тергеуші болып қызмет еттім. Күз уақыты еді. Өзіме қараған аудандағы елдерді аралап жүріп, Қызыл Адырға келсем, аудан биі Қ. жолдас сессия құрып жатыр екен. Халық есепсіз көп жиналған: Семей уезінің 7-болысынан, Қарқаралы, Өскемен сықылды өзге уездерден, тіпті Жетісудың Аягөзінен де мал даулап, ақы сұрап келгендер бар екен. Қ. жолдас Семей уезінен қызметке жақсы, ұрыға рақымсыз атанған билердің бірі саналатын. Жұмыстың көптігінен Қ-ның басы қатып, дамыл көрмей, мезгілімен тамақ ішуге де уақыты болмай, ертеден қара кешке шейін сөйлеумен дауысы да қарлыққан екен.
Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған, Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп, сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен бері бізге есе тимей жатыр...» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады. Халық соншалық көп, бұл елге біз келе жатқанда жолшыбай «сот арқылы өндіріп алдық» деп талай мал айдап бара жатқандарды көргенбіз.
- Күйіп тұр екен ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.
- Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.
- Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.
Тоқыш күлімсіреп:
- Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.
- Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...
- Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...
- Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?
- Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.
- Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.
Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды. .....