Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы. Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде: “Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,” Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
ауыржан Момышұлының өмірбаяны Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол: "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды", — дейді. Біздің халқымыз, әсіресе, жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін. Нурсултан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті (Тәуелсіздіктің 17-ші жылдығына байланысты салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен). Астана, 2008 жылы 15 желтоқсан.
Ер азаматқа бақыттың, ең үлкені — халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасақ — кімде кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам үздік көзге түскен, даңққа ие болған, халқының сүйіспеншілігіне бөленген. Сондықтан да әрбір халықтың көркі, мақтаны не дегенде алдымен атышулы батыры, даңқты ғалымы, өнерпазы, данышпан жазушысы аталады. Мысалы осы дәстүр бойынша қазақ халқының бұрынғы өткен дарқандарын айтсақ, ауызға Қобланды мен Қамбардың, Исатай мен Махамбеттің, Құрманғазы мен Шоқанның, Абай мен Ыбырайдың есімдері ілінер еді. Бүгін жас ортасы елудің биік белесіне шығып отырған Бауыржан Момышұлының атын айтқанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі — батырдың бейнесі, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Ба¬уыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылса ше? Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипатының ғажап сыйысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес[1]. Бауыржан Момышұлы бұрыннан әдеби кейіпкер болуға дайын тұлға еді. Өзі көсем, өзі шешен және жазушы. Соғыс кезіңце оның 40 макаласы жарияланды. Ол туралы А. Бек кітап жазды. Нұршайықов «Ақиқат пен анызда» дайын образды сол қалпында кайталап шықты. А. Бек те дайын образды кітап етіп шығарды. Ерлігі де, өрлігі де, білімділігі де парапар. Оны сен қазір кез келген маршалдың қасына апарып қойсаң, ешқайсысынан кем түспейді. Мәселен, Кубаның соғыс министрі Рауль Кастромен қатар отырған кезін қара. Бөтен елдің министрімен терезесі тең, тіпті биік те. Әсіресе, соғыс тактикасы жайында сөз сейлегенде, Кастро-министр полковник Момышұлынан төмен қалады. Оны Кастроның озі де мойындап отырады. Немесе Баукеңнің өзіміздің маршалдар Баграмянмен, Жуковпен, Василевскиймен сөйлескен кездерін алайық. Баукеңнің тапқырлығына, сөзінің ұтымдылығына жаның сүйсінеді. Мақтанасың. Ұлттық мактаныш болуға туған қазақ халқының ұлдарының бірі деп сүйсінесің. Момышұлы соғыс кезінде де афоризмдер шығарған. Кешегі атақты жауынгер енді өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын жарқыратып отыр. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада Бауыржан аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлық құнарлы жемістер берді. Бұрын жауынгерлік еңбегі үшін көкірегі ең жоғарғы дәрежелі ордендерге толған Бауыржан Момышұлы 1958 жылы Москвада болып өткен қазақ көркем өнері мен әдебиетінің онкүндігі тұсында әдеби еңбектері үшін Құрмет белгісі орденімен наградталды. Бауыржан жаратылысында ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың, үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік, әсіресе командирлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай көрініп отыр. Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Адамның тұлғалық бейнесі көрсеткіштерінің бірі – адамгершілік қасиет сапаларының болуы. Адамгершілік – бұл сөз қорындағы ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш – адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Зерттеу объектiсi: Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармалары мен батыр туралы жазылған естеліктер. Зерттеу мақсаты: студенттердің адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімін оятып, келешек ұрпаққа батырлық, ізгілік, адамгершілік ұғымын ашып көрсету. Зерттеудiң мiндеттерi: - зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлының шығармаларын талдау; - Бауыржан Момышұлының тұлға ретінде, образын ашып суреттеу; - студенттер бойына адамгершілік, батырлық қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау, Жазушы шығармаларындағы образдар мазмұнына сипаттама беру. Зерттеу әдiстерi: диплом жұмысын зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлы шығармаларына, жауынгер жазушы туралы жазылған естеліктерге теориялық талдау жасау; Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәндiлiгi: 1. Адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру әдебиет, философия, тарих ғылымдары тұрғысынан зерделендi және оны iс-жүзiне асырудағы әдiс-тәсiлдер айқындалды. 2. Б. Момышұлы шығармаларына талдау жасай отырып студенттердің бойына адамгершілік, ізгілік, батырлық, ерлікті тудыратын қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.....
К і р і с п е Тақырыптың өзектілігі: «Ежелден ер тірегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,- дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес. Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі. Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б]. Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын – жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды. Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын, прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді. Жазушы Александр Кривицкий «Москва түбіндегі қарауыл» повесін панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған болатын. Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын жасайды. Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма – бұнымен ғана шектелмейді.....
Аспанды қапылыста қара бұлт қаптап, солтүстіктің сайтаны ұстап, ызғарлы жел долдана соққанда, өңімнен өтіп барады.
Жел кейде айдаһардай ысқырып, ұйтқыта итеріп өте шығады. Кейде аңдай ұлып ышқынып, ішін тартып, үрейлендіре перідей соғып, астымыздағы жануарды тәлтіректетіп, иығынан екпіндей жұлып, бізді ер үстінен ауытқыта жаздайды. Кейде саябырсып, баяулап, сыбырлай жаяу аяңдап, жер бауырлап, орман жапырақтарын сылдырлата желіп, бізді мазақтағандай сылқ-сылқ күліп майда желіске салып, мәймөңкелей жөнеледі.
— Уа, табиғат. Сен де бүгін сағат сайын құбыла құтырып қажыттың - ау, — деді қасымдағы жолдасым қатарласа беріп, — жолдас гвардия полковнигі, алдағы сарайды паналап, біраз тыныс алып, темекі тартсақ қайтеді, — деді.
Ерлерді ел танысын деген мақсатпен «жауынгердің тұлғасы» деген теманы қолдан келгенше жазып, тілдің жеткенінше айтып, (қалам ұстаған жазушыларға) көзбен көріп, қолдан өсірген (әрине, әскери мағынада) ел азаматтары — жігіттер — жауынгерлердің, олардың әскери мамандықтары — кәсіптерінің әр түрінен (майдан — соғыс оқиғасына байланыстырып) болған ақиқат мысалдар келтіріп, аттарын қағаз жүзіне қалдырып, істерімен елді қысқаша таныстыру ниетімен күнделікті дәптерге найзадан қол босаған кезде, шала - шарпылау етіп асығыста жазып жүргендерімнің бірнешелері осы одағай, көркемсіз түрінде сізге тарту болсын. Аманшылық болып, қол тисе, теманың қалған әңгімелері кейіннен жазыла да, айтыла да жатар. Барлығы 20 әңгіме былай доғартылмақ.
Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі.
Ноябрьдің 26 жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен. Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп, кісінің өңменінен өтіп барады. Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып С. қыстағының маңайында жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда, мені күтпеген жерде дивизияның штабына шақырды. .....
— Оларға мен базарға барма дегенім жоқ қой. Жібере бермейсің бе?
— Қолдағы ақшаны кеше келін алып кетіп еді. Балалар жуынғанша, сберкассадан ақша алып келсеңші, — деп мені жұбайым Ғайникамал оразамды аштырмастан жұмсады.
Аш қарынға бір сигаретті тартып мен көшеге шықтым.
Троллейбустың ортасындағы орнында отырмын. Түрегеп тұрғандар да аз емес. Менің желкемде екі қазақ студент тұр.
— Ей, сені не қара басып, әлгі Есенжанмен төбелесіп жүрсің? Екеуіңді егіз қозыдай тату жолдас деп жүруші едік, — деді біреуі.
— Ол ақымақтың өзі кінәлі. Қой десем, қоймастан аузына келгенін оттап, ақырында мені оскарбить етті. Шыдай алмастан, мен оны Бауыржан Момышұлымен періп келіп жібердім. Ол да қарап тұрсын ба — мені шапалақпен тартып жіберді. Мен оны да оңдырғаным жоқ. Төбелес солай басталды...
— Остановка Фурманова! — деп жариялады. Мен орнымнан тұрып, троллейбустан түсіп кеттім.
Үйге келген соң естігенімді жұбайыма айттым.
— Сенің қазақша бір жинағың «Бауыржан Момышұлы» емес пе еді, — деп Ғайникамал ішегі қатып күлді.. Сол кітапты оқып жүрген бала ғой. Ол жолдасын сол кітаппен періп жіберген болар, — деп тағы да күлді.
28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:
— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.
— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.
Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.
Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.
Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Қазақта бір ұлы мақал бар. «Бір күнгі қонақ — құт, екі күнгі қонақ — жұт». Осы мақалды өзгертіп айтқанымызда: «Өлерман ауру кісінің айналасында «саған не болды?» деп зырылдап жүгіріп жүреді екен» (это настолько правда, настолько лицемерия 700 другой вопрос). Үшінші күннен кейін естіртіп айтпағанымен, қарт ауру кісіден барлығы зерігеді екен. Естіртіп айтпағанымен, «Қашан өлесің» деп іштерінен ойлайды екен. Бір жеті өткеннен кейін, туған-туысқан былай тұрсын, қойныңда жатқан «адал жарың» аузыңа су тамызбастан, халіңді ойламастан, 14-15 сағат біреудің үйінде қонақта болып, сылқылдап өсек айтып, ұялмастан үйіне қайтып келеді екен. «Қатты ауру» орнынан тұрып барып су ішерге шамасы жоқ, аштан-аш жалғыз жатқан кезінде ойына әртүрлі нәрсе кіреді екен. Өлемін десе, ажал келмейді. Сүйенейін десе, тірегі жоқ. Таңдайы кеуіп жатқан кезінде басында бір тамшы суы жоқ, жақыным деген адал деген жары басқа үйде өсек айтып, қарқылдап отырады екен. Жетім бала — кінәмшіл, ауру кісі — тырысқақ деген қазақта сөз бар. Кінәмшілдік пен тырысқақтықтың екеуі басыңа бірдей түссе, оның үстіне жақын деп жүрген кісілерден көңілің қалса, ауру кісі түгіл сау кісіге өте ауыр. Соларды өз басымнан өткізіп бара жатырмын. .....