Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)

Мен адамның таппаймын өнерлiсiн,
Ерiнбей еңбек қылған көп жұмысын.
Iш жарып, iшек жалғап, сүйек қиып,
Жамайды ерiн, мұрын, түскен тiсiн.
Аэроплан‚ телефон‚ грамофон,
Электр, радий мен магнит iсiн.
Терең оймен тексермес надандарды
Дегiзген: «Сaйтанбысың, Тәңiрiмбiсiң?»....
Өлеңдер
Толық