Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық

Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің.... 

Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Көркем табиғатымен, жайсаң тұрғындарымен ерекшеленетін Амантоғай ауылының мен үшін орны бөлек. Амантоғай ауылы - менің туып-өскен мекенім. Жайдары жандары, өзен-көлі, кең жазыққа ие байтақ даласы, табиғатты әсем етіп өрнектеген жануарлары, бәрі-бәрі маған ерекше ыстық болып сезіледі. Бұл жерде менің ой-санам қалыптасып, болашағымның іргетасы қаланды. Алғаш дүние есігін осы жерде айқара ашып, жарқын өмірге де......
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін.......
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Райыбек ауданы....
Неткен керемет, неткен сұлулық!.....

Отаным - сағынышым, туған өлкем. Менің туған өлкем - Райымбек ауданы. Райымбек ауданы - еліміздің табиғаты бай, сұлу өлкелерінің бірегейі. Ауданның аты Райымбек батырдың есімімен........
Шығармалар
Толық