Менің ойыншығым (1 сынып, 1 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Менің ойыншығым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау.
1.2.3.1 сұхбаттасының сұрағына жауап беру және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолдану.
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну.
1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу/постер құрастыру.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: сұраққа жауап береді, суретте берілген сөздердің сынын жазады.
Көптеген оқушылар: тілдік нормаларды сақтап, сұраққа жауап береді, сұрақ қояды, суретте берілген сөздердің сынын жазады, сөйлем құрастырады.
Кейбір оқушылар: тілдік нормаларды сақтап, сұраққа жауап береді, сұрақ қояды, суретте берілген сөздердің сынын жазады, сөйлем құрастырады, баға береді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық