Менің елімнің жеңісі

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Осы жеңіске жету үшін қаншама аға-әпкелеріміз соғыста ерлік көрсетті, қан төкті. Өздерінің ұрпақтарының еркіндікте, бейбітшілікте өмір сүруі үшін жанын салды. Қан майданда жан аямай соғысты. Қаншама қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Сондықтан, біз оларға үлкен құрметпен қарауымыз керек. Біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз, еш соғыссыз өтіп жатқан күніміз, бәрі-бәрі қазақтың батыр ұлдарының арқасы. Ұлы Отан соғысының басталғанына да 75 жыл да болды. 22 маусым- барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы күннің бірі.
Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң ата бастағанда фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың осы жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінен соғысқа қатысуға ерікті жандар алынды. ......
Шығармалар
Толық