Тақырыбы: Достық неден басталады Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету. Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу.. Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау. Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.
Шаттық шеңбер Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз. Балалар: Сәлеметсіз бе. Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын. Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.
Әңгімелесу Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады. Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз. Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз. .....
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа......