Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.......
Кіріспе Финляндия Республикасы— Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет. Оңтүстік-батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер аумағы 338 мың км2. Халқы 5,2 млн. адам (2000). Тұрғындарының 93%-ы финдер, 6%-ы норвеггер, қалғандары цыгандар, саамдар, орыстар. Ресми тілі — финн және швед тілдері. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі (90%) лютерандар, 1%-ы православтар, қалғандары басқа діндерді ұстанады. Астанасы — Хельсинки қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — 1 палаталы парламент (эдускунта). Жоғарғы атқарушы органы — мемлекеттік кеңес. Әкімшшілік-аумақтық жағынан 12 лянға (губернияға) бөлінеді. Елдің құрамына кіретін Аланд аралдарына дербес автономиялық құқық берілген. Онда негізінен шведтер тұрады. Өзіндік парламенті (ландстинг) бар. Ақша бірлігі — евро (2002 жылға дейін финн маркасы). Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні, 6 желтоқсан (1917). Финляндия БҰҰ-ның (1955), Солтүстік кеңестің (1955), Еуро Одақтың (1995) мүшесі. І-ТАРАУ. ФИНЛЯНДИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 1.1 Финляндияның географиялық орны Финляндия жері қоңыржай белдеудің солтүстік жағына орналасқан. Ел аумағының 1/4-і полярлық шеңберде болғандықтан, мұнда "ақтүн" 73 күнге, ал қыста "полярлықтүн" (финше "каамос") 51 күнге созылады.....
Кіріспе бөлім Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау. Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау. Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.....
Кіріспе Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі екені бәрімізге аян. Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%- на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай - газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін қарастырып, зерттеу. Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды: ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...» ....
Кіріспе. Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке еге¬мен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қал¬дық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтер¬ген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұрт¬шылы¬ғын, ғылыми әдебиетін, өнеркә¬сі¬бін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәс¬түрі¬нің, мұрасының қай дәрежеде еке¬нін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөл¬шері”. Яғни, қоғамның дамып өз¬ге¬руі, мәдениетінің өркендеуі тіл дең-гейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлес¬пеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт....
Кiрiспе «Егемен Казакстан», «Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы. Негiзгi курстық жумыстың мақсаты: «Егемен Казакстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдау мен осы екi газеттерiнiң аударылуы . ұқсастығы мен айырмашлықтарын көрсету . Осы екi газеттi талдамас алдында оның тарихын бiлу қажет болғандыктан, баспасөз тарихы мен «Правда» газетiнiң қоғамға тигiзген улесi, тарихынан малiмет бере отырып баспасөздiң қоғамға қажеттiлiгiн көрсетудi мақсат еттiк . Қазақтың мерзiмдi баспасөзi Қазақстанның Россияға косылу натижесiнде пайда болды. Орыс халкының азат мәдениетiнiң игi әсерiмен Ш.Уалиханов, ЫАлтынсарин, А.Құнанбаевтар қазақтың демократиялық публицистикасы мен реалистiк жазба адебиетiнiң негiзiн қалады. Қазақ халқының ауыз әдебиетi мен ақын жазушыпарының шығармалары баспа жузiн көрдi. Сөйт1п XIXғ бас кезiнде және екiншi жартысында қазақ тiлiнде кiтап, газеттер шыға бастады. Сол жылдары В.И.Ленин баспасөздiң тарихын қоғамдық, демократиялық, әлеуметт1к қозғалыс тарихымен байланысты тексерiп. зерттеудi талап еттi.....
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы - Бундесрат, төменгісі - бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден, федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға, қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы - Берлин. Солай бола тұрса да Бонн қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді. Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді. ....
Зерттеудің өзектілігі. Мәдениет XXI ғасырда стратегиялық маңызды ресурсқа айналып отыр. Алдағы уақытта оның ауқымы мен мазмұны кеңейіп, экономикалық, геосаяси категорияға айналуы да мүмкін. Өйткені қазіргі кезде түркі әлеміндегі елдердің арасында ортақ құндылықтарды жекешелендіру, бөліп алу тенденциясы жүріп жатыр. Сондықтан мәдени саясат дегеніміз мемлекеттің мәдениетке қатысты ұстанып отырған саясатын іс жүзінде жүзеге асыруы болып табылады. Кез келген мемлекеттің мәдениет саласында өзіндік стратегиялық басымдықтары болады. Сол басымдықтар арқылы ұлттық мәдениетін әлемдік қауымдастық аренасына шығаруы – мәдени саясаттың бір саласы. Ал саяси мәдениет деген – саяси жүйенің жүзеге асуы. Бұл екі ұғымның айырмашылықтары да бар. Сонымен қатар екеуі бір-бірімен қабысып, әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. АҚШ-тың «америкалық арман» идеологиясы қазіргі уақытта жетер шегіне жетіп, құлдырап бара жатыр. Бірақ 270-280 жыл бойы АҚШ-тың дамуына ықпал ете алды. КСРО-ның локомотиві – «коммунизм» идеясы миллиондаған адамды баурап алды. Тапқа негізделген бұл идеология болмаса, Кеңес Одағы 70 жыл өмір сүрмес еді. Ал Қазақстанға «қазақылық, білімділік, мәдениет» призмасындағы идеология қажет дер едім. Әрбір азамат қазақы дәстүр мен ділді көкірегіне құйып, заманауи үрдіске сай білім-ғылыммен алға ұмтылуы керек. Ал ұлттық құндылықтарды меңгеріп, білімді болған халық мәдениетті тұлға болып қалыптасады. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы саяси қатынастардың мәнін ашу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің бір жыл бұрыңғы халыққа Жолдауында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының ең маңызды 30 бағытын айқындап берген еді [1]. Осыған сәйкес, қазіргі таңда елдің сыртқы саясатының бағыттарының арасында елбасымыз әлемнің ірі де алпауыт саяси «ойыншыларымен» тиімді ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін баса айтқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына арнаған 2007 ж. Жолдауында АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті дамытудың қажеттілігін тағы да қуаттады. Қазақстанды жеделдетіп жаңғырту үшін қажетті қолайлы жағдайларды жасаудың және басым мақсаттарды жүзеге асырудың қазіргі сатысында бізге АҚШ-пен ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалану маңызды. АҚШ Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың шешуші маңызын, өңірдің қалыпты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудегі ұдайы экономикалық өсімін әрі сындарлы сыртқы саясатын атай отырып, Қазақстанның өңірлік рөлін жоғары бағалайды. Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны ілгерілетудегі Қазақстанның ұмтылысы АҚШ тарапынан өңірлік тұрақтылық пен ынтымақтастықтың айрықша факторы ретінде қарастырылады. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің үлесіміз - халықаралық лаңкестікпен және діни экстремизммен күрестегі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтудағы, сондай-ақ Ауғанстан мен Иракты қалпына келтірудегі сәтті әрекеттестігіміз болып табылады. ....
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар. Бұлар қазақтың нағыз патриоттары! Автор.
Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.
Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.
Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде
Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....