ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға байланысты «Қазақ» атауымен қатар кейбір деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғол», «ноғай» сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірігуіне бірлесіп шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған. ....
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ. Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану. Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз. Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. ....
Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен “Улфат” газетіне қосымша ретінде “Серке” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі “Біздің мақсаттарымыз” деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында “Дала” газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді. Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығыныңұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты. 1911-1913жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет “кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету” ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Емші даласы” газеті шығып тұрды. Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді. “Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады ”. “Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.....
ХVІІІ ғасырдағы орта шеніндегі Цин патшалығы жоңғарларды тыныштандырып, Шинжиаңды қайтадан бірлікке келтірді. Осы кезде қазақтың ұлы жүзі мен орта жүзі ілгерінде- кейінде Цин патшалығына қарап, тікелей сайаси, экономикалық қарым-қатынас тарихын, Цин өкіметінің шекара саясатын, сондай-ақ аз ұлттарға қаратқан саясаттарын егжей-тегжейлі зерттеу біздің көп ұлтты отанамаздың тұтастығын және териториясын қалыптасу барысын жете түсінуде келелі маңызға ие. Бұл мақала Цин патшалығы мен қазақтардың қарым қатынас орнатуының тарихи көрінісі мен арадағы саяси байланыс сауда қарым-атынасына тоқталып өтеді. Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген .... Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, найман, керей қатарлы рулардан құралған Орта Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. ХV ғасырдың орта шенінде қазақтар Шу өзені алабында феодалдық хандық құрды. Қазақтың жан саны көбейіп, өрісі кеңейе түскендіктен ХVІІІ ғасырға келгенде қазақ хандығының елі рулық байланыс және қоныстанған өңірлеріне қарай, ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз болып үш жүзге бөлініп, әр қайсысы өз алдарына хан сайлап, дербес билік жүргізе бастады. Үйсін руын негізгі тұлға еткен ұлы жүз елі Балқаш көлі мен Сыр дариясынан тартып, Іле аңғарына дейінгі кең алқапты мекендеді. Бұл өңір ежелден «Үйсіннің ата-мекені» еді: Найман, керей, руларын негізгі тұлға еткен орта жүз елі Сыр дариясының солтүстігі, Алатау аумағынан тартып, Ертіс дариясына дейінгі кең сахараны қоныс етті: Ал алшын руын негізгі тұлға еткен кіші жүз елі Каспий теңізі төңірегіне қоныстанды. VІІІ - ғасырдың алғашқы жартысында Орта Азия сахарасында қазақпен жоңғар, Россия арасындағы байланыс күрделеліне түсті. ....
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Ж. Молдағалиев Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Тәуелсіз Қазақстан ! Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде талай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» соғыстар, елінің бірлігі мен бүтіндігін ойлаған жыраулар, халқы үшін қасқайып қиындыққа қарсы тұрған небір ұлы тұлғалар өтті. Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. Тарих қойнауына көз жіберсек, кешегі өткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген.......