Психология | Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы жүргізу ерекшелігі

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше - жан, - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі – психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. ....
Рефераттар
Толық