Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз....
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда. Балаларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада....
Жүргізуші ақпараттың көп бөлігін көзбен көру арқылы алады. Шамамен (85%-90%-ы) деп есептеуге болады. Күндіз жүргізушіге еркін жүруге ақпарат мол болса түнде қараңғылыққа байланысты жүргізушілерге жол жүруне қиындық туындайды. Түнде жүргізушінің қабылдау қызметі нашарлап, сонымен бірге оның қимылдау қызметі де нашарлап ашушаң болып келеді. Сондықтан түнгі уақытта жолда жүру қарқындылығын 5-10 төмендесе де, автомобиль апаттары күрт өсіп кетеді. Ресей мамандарының пікірі бойынша түнде жүрру 2 есе қауіпті. Ал ағылшын мамандарының мағлұматы бойынша 2/3-і жолдағы қайғлы апаттар болып есептеледі. Кешкі уақытта апат саны 3% өссе, түнде 30%-ке жетеді, бұл жүргізушінің жұмыс қабілетінің 56% дейін қалыпты жағдайынан түсуіне байланысты. Францияда да апаттардың көп бөлігі түнде болып, жол апаттарынан қайтыс болған адамдардың саны 57%-ті құрап отыр. Осыларға қарағанда түнде көлік жүргізу өте қиын әрі жауапкершілігі күшті жұмыс ьолоып саналады. 2. Негізгі апат тудырушы себептері 1. Жүргізушінің көру қабілеттілігінің төмендеуінің бірнеше факторлары бар. Олар: - географиялық орналасуы. - айдың жарқырауы. - бұлттың тығыздығы. - өңірдің өзгешеліктері. - жыл мезгілі. - метрологиялық жағдайлар. ....
Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42]. Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған. Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.
2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары
Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар: 1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.) 2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді. 3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.) 4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.) 5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.) 6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты. 7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Мақсаты: Оқушыларға табиғатта болатын қарым - қатынас жайлы, өсімдік пен жануарлар өмірінің сыртқы әсермен, адамның іс - әрекетімен байланыстылығын түсіндіру. Балалардың ой - қиялын дамыту. Барысы: І. Таныстыру. ІІ. Өнер сайысы. ІІІ. Тез ойла, тез тап. IY. Табиғатты аялайық. Y. Кім көп біледі? YІ. Тығырықтан шыға білейік. YІІ. Ескіден қалған асыл сөз. Y ІІІ. Жыл мезгілдерінің арулары. .....
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет мақсат - міндеттері: Ақпараттық құзіреттілік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін жинақтау, таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау, балалар меңгеруге тиісті ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту. Коммуникативтік құзіреттілік: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау, жақсы қарым - қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Проблеманы шешу құзіреттілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, ребус, сөз жұмбақты шешу, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: Баланың білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды біледі. Баланың меңгеруі: Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір бірін тыңдай білуді меңгереді......
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру. Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Жапсыру .....