Қазақ елінің мақтанышы
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. ......
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық.....
Отан үшін отқа түс, күймейсің!
Бауыржан Момышұлы.
Осыдан жиырма екі жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының, аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды. Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап , үш жүздің басын қос-қан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды, әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйіндіретін аза-маттардың маңайына топтасқан.......
«Айналайын халқымнан қазақ деген» деп өлең жолдарында айтылғандай, осыдан бірнеше ғасыр бұрын тарих сахнасында «қазақ» деген атаудың пайда болғаны қандай керемет десеңізші! Содан бері талай тар жол, тайғақ кешкен қазағымды мен мақтан етем, құрмет тұтам. Біраз тарих тұңғиғына үңілсек, қазақ халқының талай жаугершілік заманды бастан кешіргенін білеміз. Сол кезден-ақ қазақ халқы ар мен намысты алға қойып, қасық қандары қалғанша кең байтақ жерімізді жаулардан қорғап қалған. Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын бастап, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра білді.
Бертін келе XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді болуы да халқымызды қиыншылықтан көзін аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. ......