Мақал-мәтел: Шындық, ақиқат

Шындық - сегіз, бақыт - егіз.

Шындық қамал бұзар.
Шындық - бір сөз, өтірік - мың сөз.
Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
Шындық бар жерде,
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Шынға жерік - сырға берік.
Шындықтың шырағы сөнбейді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

«Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», - дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.

Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сіз болыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Үнемшілдік, үнемсіздік

Соға берсең, еселеп табағыңа,
Уға айналар құдайдың тамағы да.
Қомағай құрсақтың қуысы толмайды.

Тас құмыра тамшыдан толады.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Алтын тапсаң, санап ал.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.

Дария басы – бұлақ.

Шашу – оңай, жинау - қиын.

Қолдағының құны жоқ.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Есек

Есек қодығымен, шеңгел собығымен.

Жүгі жеңіл есек жатаған.

Есектің күші адал да, еті арам.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ойын

Ойыннан от шығар.

Ой түбі - алтын, ойын түбі - от.

Орынсыз ойын - сындырар мойын.

Ойыншының тамағы тоқ.
Мақал-мәтелдер
Толық

Талап

Талап - талмас қанат.

Талаптыға нұр жауар.

Талаптыға жол бер,
Өнерліге қол бер.

Талабы таудай.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жазмыш, пешене, тағдыр

Жазмыштан озмыш жоқ.
Болса оразым, болмаса қоразым.
Байтал қысыр болмайды,
Маңдай қысыр болады.
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн....
Мақал-мәтелдер
Толық