Махаббат - бұл ғажап әлем!

Махаббат - бұл ғажап әлем! Шын сүйген адам бұлттардың арасында қанат бітіп ұшып жүргендей сезінеді. Өмірдің өзі махаббаттан тұрады: анаға, әкеге, бауырларына, туыстарына, дос-жаран, құрбы-құрдас... сүйген жарын...балаларын... Осының бәрі махаббат! Мұндай сезім болмаса өмірдің баяғыда-ақ мағынасы кетер еді...

Меніңше ең бастысы - бұл бір адамды сүю және сол адамның сүйіктісі болу! Бірақ өмірде барлығы кіршіксіз емес, бір адам біреуді сүйеді, ол адам өзгені сүйеді...тіпті болмаса екі жас бір бірін сүйеді бірақ тағдыр тәлкегінің ағысымен бірге бола алмайды...Осыдан келіп жауапсыз махаббат, қайғыға толы сезім, тіпті болмаса соңы трагедиямен аяқталатын хикаялар туындайды. Дегенмен бұл өмірдің заңы, бұдан ешкім қашып құтыла алмайды және оны ешкім өзгерте алмайды. Әрбір адамның тағдыры - өз қолында екенін ұмытпағанымыз жөн. Өзгелерден мін іздей бергенше, өзіңді де сынға алған жөн.

Аллаға шүкір, мен сүйемін және сүйіктімін... Өмірімнің барлық қызығы енді сол адаммен байланысып жатыр. Оның мен үшін орны тым ерекше және оның барлық қылығын сүйемін......
Махаббат хикаялары
Толық