file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Махаббат азабы

Біздің танысқанымызға 10 жыл болады. Менің алғашқы және мәңгілік махаббатым болып қаларын білмеген едім. Танысқаннан кейін 5 жыл уақыт өткенде қайта кездестік. Сол уақыттан бастап кездесе бастадық. Жүректегі сезімімді жеткіздім, сол маған азап болып берілген махаббат сияқты болып көрінеді. «Сені жақсы көремін» деп жүріп, былтыр осы уақыт шамасында басқа қызға үйленді. Онымен 2 ай тұрып, ажырасты. Сосын менің жаңа ұялы номерімді тауып алып, қайта хабарласа бастады.

Жүрек ақылға жеңгізбейді екен. Солай жүргенде бір қыздың аяғы ауырап қалып, әкелері үйлендірді. Үйленгенде қағаз жүзінде емес және бірге тұрған жоқ. Ол да оның айтуы бойынша. Қашанғы жүре беремін деп, хабарласпауын сұраған едім, бірақ жүрек көнбейді. Сағынады, іздейді. Мамыр айында ұлды болды. Енді онымен тұрып жатқанға көрінеді. Басқаға ренжісем, сөйлеспей, араласпай қоятын әдетім бар, бірақ мәселе оған келгендесол әдетім ғайып болып кетеді......
Махаббат хикаялары
Толық