Әжемнің әңгімесі

Мен сіздерге өзімнің әжем жайлы әңгіме айтқым келеді. Өйткені, мен- әжемнің ең сүйікті немересімін. Менің әжемнің аты-Сабира. Менің әжем өте әңгімешіл кісі. Жас келгесін бе, әлде біздерді қуантқысы келеді ме екен өзі жайлы, балалық шағы жайлы айтқанды жақсы көреді. Менің әжемнің балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіпті.Соғыс басталғанда, әжем небары он жаста ғана екен. Әжем жасынан өте пысық, өмірге бейім, сөзшең кісі болған. Тоғыз жасында-ақ анасынан айырылған әжем әкесінің оң қолы болыпты .Өзі бойы кішкентай ғана шағын қелген кісі. Ісінің тыңғылықтылығына тәнті болған көрші кемпір«Өзі қолбасындай, қолбасындай болса да, қорғасындай » деп әжемді мақтап отырады екен. Әжем әкесі және Күнзия деген әпкесі мен Жүсіп деген інісі төртеуі Арал маңындағы темір жол бойындағы бір ауылда тұрыпты. Алдында әпкесі болса да отбасының жауапкершілігі өз мойнында болыпты.Әпкесі өзінен үлкен болса да ,алғырлығына риза болған әкесі әжеме көп арқа сүйепті. Ерте ер жетіп, тірлікке араласуына соғыс кезінің қиыншылығы әсер етсе керек. Үш жасар інісі әпкелеріне еркелеп өсіпті. Әкесі Жұмағали азаннан қара кешке дейін теміржолда жұмыс жасапты.Тылда қалған кәрі-құртаң,бала-шағаға бас- көз болсын деді ме , әлде тышқандай үш жетімнің де себебі болды ма,әйтеуір әкесін соғысқа алмапты. Қолы қалт еткенде үйінің отын-суы , малдың шөбін қамдап бір тынбайды екен. Күз аяқталар кезде әжемнің әкесі бір түйесіне мініп, екінші түйесін жетекке алып, өзіндей адамдармен бірігіп, Сыр бойына кететін болған. ...
Шығармалар
Толық

Ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды

Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды
Міне, биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Еліміз бұл күнді атап өтетіні белгілі. Қан майданда біздің қаншама батырларымыз қаза тапты. Біз бұл жеңіске онайлықпен жеткен жоқпыз. Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Салқыны сан жылдарға созылған, сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның жеңісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, екінші дүние жүзілік соғыстың (1939 – 1945) құрамдас бөлігі. .....
Шығармалар
Толық

Атам менің – ер жүрек, майдангерім

Атам менің - абыройым, мақтанышым,
Атам менің – сән құрар салтанатым.
Атам менің – ер жүрек, майдангерім,
Атам менің – асылым, ардагерім.
Авторы өзім
Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған.
Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан.......
Шығармалар
Толық

Отанын сүйген отқа жанбайды

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Шығармалар
Толық

Жұдырықтай жұмылған білектей біріккен Қазақ

1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Соғыс жылдары Кеңес Одағының өзі 27 млн. боздағын жоғалтты. Осыдан 71 жыл бұрын Қазақстанның өзінен майданға 1 млн. 196 мың 164 қаракөз қазақ баласы аттанды. Бүгінде 90-ның төріне шыққан Айтжан ақсақал қырғын уақыттың бел ортасына 19 жаста аттанып, аман қайтқан ардагердің бірі. Соғыс басталды деген суық хабар ел арасына тарағанда, жаман сөзден бүкіл елдің дүрліккенін айтады. 1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді. Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады. К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады». .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Жаутаңдап қарап дала тұр, ,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес.
Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды......
Шығармалар
Толық

Біздерміз азат етер адамзатты

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сан, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбсының өміріне жазылмасжараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі еді.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда Германия КСРО – ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні еңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетеін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жетпіс бір жылдай уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр......
Шығармалар
Толық

Атам жайлы естелік

Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.....
Шығармалар
Толық

Өшпес жара

Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».
Қанша үйдің ұрлап адамын.
Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. .....
Шығармалар
Толық

Қазақ елі жасасын!

Шығарманың ұраны: Жеңіс Қасиетті мен ауыр Халықтарды нығайтады,көмектеседі және бізге дейін жетеді. Жеңіс біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Жетісі,салтанат,мейрам. Қазақ ел басына ауыр күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген ержүректе,жауынгер халық.Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген үрей сезімін алып тастап биікке көтерген.Оның анық дәлелі намысын ел тарихындағы аты аңызға айналып,өшпес ерлік жасаған батырлар есімі куә.Ұлы Отан соғысының тарих парақтарында алтын әріппен жазылған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов пен Төлеген Тоқтаров,Нүркен Әбдіров пен Қасым Қайсенов т. т б есімдері мәңгілік өшпейді. Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл көктемде 71 жылтолады. Бірақ ҰлыЖеңістіңұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні –бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке . Бұл мерекебейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын,Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігіндәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бала жасынан бейнетті көп көріп, ерте жетім қалған Садиқан Қазыбаевты өмір үлкен сыннан өткізіп, шыныққан құрыштай етіп шығарған. “Жүзге жетпей, өмірден өтерім жоқ” деп әзілдей айтса да, өзіне қайрат бере сөйлейтіні де сондықтан. Сәкең – Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылының тумасы. Ашаршылық ауыртпалығынан жан сақтау үшін оның отбасы 1931 жылы аудан орталығы – Пресновкаға көшіп келген, әкесі Қожахмет сондағы “Сталин” ұжымшарында ағаш шебері болып істеген. ....
Шығармалар
Толық