ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Отан- сенің ата-анаң,
Отан- досын, баурың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.
Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын.
Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі.
Біздің Отан – байтақ,
Көп ұлттың мекені. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, А. Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Арайлы алтын күз
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.
Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге үйрету.
Көрнекілік: Күзгі суреттер, жапырақтар
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар, бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді.)
Жел:
- Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балапандар! Мен күзгі желмін. Сендерге қонаққа келдім, өнерлеріңді тамашалауға. Қанекей, балалар, маған өз өнерлерінді көрсетіндерші!
Жүргізуші:
- Балалар, біз қайда келдік? Желмен бірге біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қараңдаршы, жапырақтары сары, қызғылт, қызыл түсті. Өте әдемі екен. Солай ма, балалар? Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар:
- Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші:
- Дұрыс балалар. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық