file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

География | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ десеңізші!
Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек.
Соның бірі – Солтүстік жар¬тышарда сақталған самалды Са¬рыарқаның салиқалы жа¬зы¬ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз¬дардың құт мекені – Қор¬ғал¬жын қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егін¬дікөл, Қарағанды облысының Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қо-рықтың көлемі 258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гек¬тарын су айдыны алып жатыр. ....
Рефераттар
Толық